Жалпы ақпарат

Әбдірахманов Біржан Тасболатұлы
Ақкөл ауданының әкімі
Әкімдік туралы
Ақкөл ауданы Ақмола облысының орталық бөлiгiнде орналасқан. Аудан солтүстiгiнде Бұланды ауданымен, оңтүстiгiнде Шортандымен, батысында Астрахан, шығысында — Ерейментау аудандарымен шектеседi. Ауданның жалпы аумағы 815449,53 га мың гектар жердi алып жатыр. Аудан 1928 жылы құрылған.
Аудан орталығы болып табылатын Ақкөл қаласы облыс орталығы Көкшетау қаласынан 203 шақырым қашықтықта.
Қаланың негiзi 1887 жылы құрылған, 1965 жылы Алексеевка қаласы шағын қалалар мәртебесiне ие болды. Әкiмшiлiк-аумақтық құрылымы бiр қалалық, үш ауылдық, 4 селолық округтерден және 1 ауылдан тұрады. Әкiмшiлiк орталығы Ақкөл қаласы болып табылады.