Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының 2026 жылғы 9 айдағы жұмысының қорытындысы
Көру саны:5
Алматы облысында құрылыс саласындағы заңдылықты сақтау, құрылыс объектілерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік бақылау жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
Жоспардан тыс тексерулер нәтижелері.
Басқармамен жыл басынан жүргізілген жоспардан тыс тексерулер барысында 898 әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Оның ішінде:
- 225 коммерциялық нысандар бойынша материал ауданаралық әкімшілік соттарға жолданды.
- 673 субъектіге басқарма тарапынан жалпы сомасы 172 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.
Заңсыз құрылыстар бойынша соттар 17 шешім шығарды. Оның 7-еуі орындалды. Қалған шешімдер бойынша апелляциялық және атқарушылық іс жүргізу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, Талғар және Еңбекшіқазақ аудандары бойынша басқарманың ұйғарымына сәйкес заңсыз салынған және құрылыс нормалары сақталмаған 4 нысанға демонтаж жұмыстары жүргізілді.
Үлестік құрылыс
Үлестік тұрғын үй құрылысы бойынша жүргізілген мониторинг нәтижесінде пәтерлерді жарнамалау және сату талаптарын бұзу фактілері анықталды.
Осыған байланысты 19 субъектіге әкімшілік хаттама толтырылып, жалпы сомасы 16 млн теңге айыппұл салынды.
Лицензиялау және аттестаттау жұмыстары туралы
Құрылыс саласындағы лицензиялық және аттестаттау талаптарының сақталуына да бақылау жүргізілуде.
Жыл басынан бері:
- 149 құрылыс лицензиясының қолданылуы тоқтатылды;
- ҚР ӘҚБтК-нің 464-бабы бойынша жалпы сомасы 30 млн теңге көлемінде айыппұл салынды;
- 2 құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды.
- 15 сарапшының аттестаттарының қолданылуы тоқтатылды, оның ішінде:
- 8 авторлық қадағалау бойынша;
- 7 техникалық қадағалау бойынша және техникалық
қадағалау жөніндегі 2 сарапшының аттестатының күші жойылды.
05 қараша 2026
05 қараша 2026