
Жұмыстың негізгі бағыты азаматтық және өндірістік мақсаттағы салынып жатқан объектілердегі құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасын бақылау болып табылады, ол объектілерді жоспарлы, жоспардан тыс тексеру және бақылаудың өзге де нысандары нысанында инспекциялау жолымен жүзеге асырылады.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында мемлекеттік лицензия алуға арналған материалдарды, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуді бастау туралы хабарламаларды қарау; сараптамалық және инжинирингтік қызметтер саласындағы сарапшыларды аттестаттауды өткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде; коммерциялық мақсаттағы, жеке тұрғын үй мақсатындағы және азаматтық мақсаттағы объектілердің мониторингі; аяқталған объектілерді пайдалануға қабылдау.