Алматы облысында 2026 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша дін саласында атқарылып жатқан жұмыстар

2026 жылдың басынан Алматы облысында діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, конфессияаралық келісім мен қоғамдық бірлікті нығайту, тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру, діни экстремизм мен радикалды идеологияның алдын алу, сондай-ақ дін саласындағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Аталған бағыттағы жұмыстар діни бірлестіктердің қызметін зерделеу, ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын ұйымдастыру, интернет кеңістігіне мониторинг жүргізу, деструктивті діни идеологияның таралуының алдын алу және құқық бұзушылықтарды анықтау шараларын қамтиды.

1. Облыс аумағындағы діни бірлестіктердің қызметі туралы

Қазіргі уақытта, Алматы облысының аумағында 11 конфессияға тиесілі 440 діни бірлестік қызмет атқарады. Оның ішінде, ислам бағытындағы 320, православиелік 37, Рим-католиктік 10, протестанттық 63, Ехоба куәгерлеріне тиесілі 9 және Кришна санасы қоғамының 1 діни бірлестігі бар.

Облыс аумағында барлығы 438 ғибадат үйі жұмыс істейді. Оның ішінде, ислам бағытында 320, православиелік 35, Рим-католиктік 10, протестанттық 63, Ехоба куәгерлеріне тиесілі 9 және Кришна санасы қоғамына тиесілі
1 ғибадат үйі бар.

Дін қызметкерлерінің жалпы саны 721 адамды құрайды. Оның ішінде,
494 имам және өзге діни бағыттар бойынша 227 дін қызметкері бар.

Миссионерлік қызметті заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелген 7 адам жүзеге асырады. Олардың 5-еуі шетел азаматтары,
2-еуі Қазақстан Республикасының азаматтары. Миссионерлердің
5-еуі Рим-католиктік, 2-еуі протестанттық конфессиялардың өкілдері болып табылады.

Сонымен қатар, облыста 2 діни білім беру ұйымы қызмет атқарады.
Олар — «Үшқоңыр» медресе-колледжі және «Нұр-Мүбарак» университетінің дайындық курсы.

Ғибадат үйлерінен тыс жерлерде діни рәсімдер өткізуге арналған
12 орын тіркеліп, жұмыс істеуде.

2. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары туралы

2026 жылдың басынан облыста ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жүйелі түрде жүргізілуде.

Есептік кезеңде ақпараттық-түсіндіру тобы (бұдан әрі — АТТ)тарапынан 687 іс-шара өткізіліп, 37 578 адам қамтылды.

Бекітілген тәртіпке сәйкес, мақсатты топтар бойынша қамту үлесі 100% деңгейінде белгіленіп, жылдық жоспарға 400 іс-шара енгізілген.
Қазіргі уақытта, 687 іс-шара өткізіліп, жылдық жоспардағы көрсеткіштен
287 іс-шараға артық орындалды.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында 2026 жылы облыстық АТТ құрамы жаңартылып, оның кәсіби әлеуетін күшейтуге ерекше көңіл бөлінді.

Топ құрамына дінтанушылар, исламтанушылар мен теологтардан бөлек, психологтар, әлеуметтанушылар, тарихшылар, білім беру, мәдениет және спорт салаларының мамандары, сондай-ақ қоғам өкілдері енгізілді.

Қазіргі уақытта облыстық АТТ құрамында 31 білікті маман жұмыс атқарады. Олардың қатарында республикалық деңгейде танылған дінтанушылар, PhD докторлары, теологтар, психологтар және қоғам қайраткерлері бар.

Мұндай кәсіби құрам ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын діни мәселелермен ғана шектемей, олардың психологиялық, әлеуметтік, тарихи және коммуникациялық қырларын да қамтуға мүмкіндік береді.
Осы бағыттағы жұмыстар тұрғындардың діни сауаттылығын арттыруға, радикалды идеологияның алдын алуға және қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға бағытталған.

3. Интернет кеңістігіндегі заңсыз ақпараттың таралуын алдын алу бойынша

Интернет кеңістігіндегі заңсыз ақпараттың таралуына жол бермеу және қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында тұрақты мониторинг жүргізілуде.

Мониторинг нәтижесінде, заңсыз ақпарат белгілері бар
539 интернет-сілтеме анықталып, оның ішінде 337 интернет-сілтеме Ақпаратты талдау орталығының сараптамасы нәтижесінде
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына қайшы деп танылып, қазіргі уақытта бұғаттау рәсімдері жүргізілуде.

Қалған 202 интернет-сілтеме бойынша құқықтық бағалау және зерделеу жұмыстары жалғасуда.

Осы бағыттағы жұмыстар интернет кеңістігінде заңсыз мазмұндағы материалдардың таралуын шектеуге және діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған.

4. Дін саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және заңсыз миссионерлік қызметке қарсы жұмыстар

Дін саласындағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және интернет кеңістігіндегі заңсыз миссионерлік қызмет белгілерін анықтау мақсатында Алматы облысының аумағында мониторинг және зерделеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

Есептік кезеңде жүргізілген мониторинг нәтижесінде дін саласына қатысты 34 құқық бұзушылық фактісі анықталды. Басқарма тарапынан атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 6 факті бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды.

Сонымен қатар, интернет кеңістігінде заңсыз миссионерлік қызмет белгілері бар әрекеттерге қатысты 10 тұлғамен жұмыс жүргізілді.
Атап айтқанда, 2 азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, 7 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал 1 азаматпен профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі уақытта, дін саласындағы заңнама талаптарын түсіндіру, құқық бұзушылықтардың алдын алу, интернет кеңістігіндегі заңсыз әрекеттерді анықтау және олардың жолын кесу бағытындағы жұмыстар тұрақты негізде жалғасуда.

Жарияланған күні

05 қараша 2026

Жаңарту күні

05 қараша 2026

Қызмет бағыты