2025 жылғы 1 маусымға Алматы облысның халқының саны 1575,6 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 305,3 мың адам (19,4%), ауыл тұрғындары – 1270,3 мың адам (80,6%).
Халықтың табиғи өсімі 2025 жылғы қаңтар-мамырда 7673 адамды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңінде - 9681 адам).
2025 жылғы қаңтар-мамырда туылғандар саны 11426 адамды құрады (2024 жылғы қаңтар-мамырдан 15,8% азайды), қайтыс болғандар саны 3753 адамды құрады (2024 жылғы қаңтар-мамырдан 3,7% азайды).
Оң көші-қонның айырмасы қалыптасты және 7860 адамды құрады (2024 жылғы қаңтар-мамырда – 2739 адам), оның ішінде сыртқы көші-қонда оң көші-қон айырмасы 2871 адам (2024 жылғы қаңтар-мамырда - 1422 адам), ішкі көші қонда оң көші-қонның айырмасы – 4989 адам (2024 жылғы қаңтарда-мамырда 1317 адам).