Облыстың атқарушы органдары мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары мен талаптарын сақтау бойынша белгілі бір жұмыс жүргізуде.
Мемлекеттік органдар қызмет көрсету сапасын, оның ішінде Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жақсарту бойынша шаралар қабылдауда.
Облыстың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтердің 170 түрін көрсетеді.
Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде облыстың мемлекеттік органдары мен мекемелері, "электрондық үкімет" веб-порталы мен Мемлекеттік корпорацияны қоспағанда, 1 090 728 қызмет көрсетті.
Оның ішінде:
1) көрсетілетін қызметті берушілер (мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз нысанда көрсеткен-169 120 немесе көрсетілген қызметтердің жалпы санынан 15,51% ;
2) көрсетілетін қызметті берушілер (мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз нысанда көрсеткен, бірақ "электрондық үкіметтің" веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін – 140 043 немесе 12,84%;
3) көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген– 781 565 – 71,66%.
Анықтама үшін: денсаулық сақтау саласында 909 595 қызмет көрсетілді немесе 75,78%, ветеринария саласында – 110 807 немесе 9,23%.
Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде жергілікті атқарушы органдар барлығы 102 бақылау іс-шарасын өткізді. Бақылау іс – шараларымен 102 нысан қамтылды, оның ішінде 62 – жергілікті атқарушы органдар және 40-ведомстволық бағынысты ұйымдар.
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша 122 ұсыным әзірленді.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 779 түсіндіру іс – шаралары өткізілді, халықты мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру іс-шараларымен қамту-550 651 адамды құрады. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан қызмет көрсетуге жауапты 51 адам өтті.
Жалпы, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында, Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту жөніндегі жұмыс одан әрі жалғасатын болады.