Жиі қойылатын сұрақтар
Ауылдық елді мекендердің (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалалардың мынадай жеке және заңды тұлғалары ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны масштабтау шеңберінде микрокредиттер алуға үміткерлер болып табылады:
1) жұмыссыздар;
2) дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелмей кіріс алу мақсатында тауарларды өндіру (өткізу), жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету жөніндегі қызметті өз бетінше жүзеге асыратын тұлғалар және (немесе) жұмыс істемей тұрған дара кәсіпкерлер;
3) отбасылық кәсіпкерлікте ақы төленбейтін қызметті жүзеге асыратын тұлғалар;
4) сату (айырбастау) үшін жеке қосалқы шаруашылықта өнім өндіру бойынша қызметті өз бетінше жүзеге асыратын, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен тұлғалар;
5) "Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметін жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы кооперативтері (бұдан әрі – ауыл шаруашылығы кооперативі);
6) ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлер.
Ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны масштабтау шеңберінде микрокредиттер алу үшін жобаларды іріктеудің негізгі өлшемшарттары:
1) жобаның басым бағыттарға сәйкестігі;
2) тұрақты жұмыс орындарын құру;
3) жеке тұлғалар үшін – жобаны іске асыру жоспарланып отырған ауылдық елді мекенде немесе шағын қалада тұрғылықты жері бойынша кемінде 12 (он екі) ай (микрокредит алуға өтінім беру күніне) тұрақты тіркеудің болуы;
дара кәсіпкерлер үшін/заңды тұлғалар үшін – жобаны іске асыру жоспарланып отырған ауылдық елді мекенде немесе шағын қалада дара кәсіпкердің/заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеудің болуы;
4) жаңа, бұрын пайдаланылмаған техниканы, жабдықты сатып алу.
- Микрокредиттер мынадай мақсаттарға берілмейді:
1) жеңіл автокөлік сатып алу;
2) ауыл шаруашылығы жануарларын жақын туыстарынан сатып алу;
3) кейіннен жалға беру үшін ғимараттарды, үй-жайларды, тұрғын үйлерді сатып алу және/немесе салу.
Жергілікті атқарушы орган сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы үміткерлерге мынадай шарттармен мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу, нысаналы пайдалану қағидаттарын сақтай отырып, кредиттер береді:
1) кредит мерзімі – 10 (он) жылға дейін;
2) кредиттің ең жоғары сомасы– 5 (бес) миллиард теңгеден аспайды;
3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 (екі жарым) пайыздан аспайды;
4) кредиттің нысаналы мақсаты – АӨК саласындағы жаңа жобаларды құруға немесе қолданыстағыларды кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру:
тауарлық сүт фермаларын (қуаты 400 бастан бастап);
етті бағыттағы құс фабрикаларын (жылына 5000 тонна құс етінен бастап);
етті бағыттағы мал шаруашылығы кәсіпорындарын (5000 бастан бастап);
көкөніс сақтау қоймаларын (1000 тоннадан бастап);
жеміс сақтау қоймаларын (1000 тоннадан бастап);
өнеркәсіптік жылыжай шаруашылығын;
ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде жүн мен теріні терең өңдеу кәсіпорындарын;
қуаттылығы жылына 25 тоннадан бастап тауарлық балық болатын балық және басқа да су жануарларын өсіретін балық өсіру шаруашылықтарын;
өндірістік қуаттылығы тәулігіне 1 тоннадан басталатын балықты аршып, тазалайтын, одан әрі тереңдете өңдейтін және сақтайтын балық өңдеу кәсіпорындарын;
осы Қағидалар шеңберіндегі АӨК саласындағы жобалар бойынша буып-түю материалдарын өндіру кәсіпорындарын;
құс шаруашылығындағы асыл тұқымдық репродукторларды;
қазіргі заманғы су үнемдеу технологияларын (шашыратып, тамшылатып суару) пайдалана отырып, суармалы егіншілікті (картоп пен көкөністер, азық өндірісі);
қой фермаларын (5000 бастан бастап);
5) кепілмен қамтамасыз етудің болуы;
6) негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдік кезеңі 24 (жиырма төрт) айдан аспайтын мерзімді құрайды.
Өтініштерді қабылдау, қарау және субсидияларды төлеу тәртібі
Субсидиялардың тиісті түрлеріне өтінімдер қабылдау бюджет қаражатының бар-жоғына қарамастан осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өлшемшарттарда көзделген мерзімдерде ауыл шаруашылығы жануарларының тіркелген орны бойынша жүзеге асырылады.
Өтінімді қалыптастыруды және тіркеуді тауар өндіруші жеке кабинетте мынадай тәртіппен жүргізеді:
1) мәліметтерді енгізе отырып, өтінім қалыптастырады, сондай-ақ осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмесін сканерлейді және қоса тіркейді;
2) өтінімді СМАЖ-да: тауар өндірушінің;
нотариус тағайындайтын мұраны сенімгерлікпен басқарушының (тауар өндіруші қайтыс болған жағдайда) ЭЦҚ-сын қою арқылы тіркейді.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.06.2024 № 217 (01.07.2024 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
ЭЦҚ қойылғаннан кейін өтінім ЖАО-ның (көрсетілетін қызметті берушінің) Жеке кабинетінде қолжетімді болады. ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) өтінім келіп түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде деректердің және қоса берілген осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген құжаттардың толықтығына тексеруді жүзеге асырады. Сәйкес болған жағдайда, өтінім мақұлдануға жатады, ЖАО (көрсетілетін қызметті берушінің) жауапты орындаушысының ЭЦҚ-сы қойылады және мақұлданған өтінімдер тізіліміне (күту парағына) барып түседі, сондай-ақ ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялау алуға арналған өтінімді қарау нәтижелері туралы хабарлама жібереді.
Өтінімдерді қарау және мақұлданған өтінімдер бойынша субсидияларды төлеу өтінімдерді тіркеу күні мен уақытына сәйкес кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.06.2024 № 217 (01.07.2024 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
Субсидиялар беруден бас тарту үшін негіздер болған кезде ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) тауар өндірушіге осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды жолдайды.
Субсидияларды беруден бас тарту Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша жүзеге асырылады.
Тиісті бағыт бойынша қаражат болған жағдайда, ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) өтінім мақұлданғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде ай сайынғы қаржыландыру жоспарын ескере отырып, "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидияларды төлеуге арналған шоттарды СМАЖ-да қалыптастырады.
Субсидия көлемі тиісті айға арналған Қаржыландыру жоспарында көзделген бюджеттік қаражат көлемінен асатын өтінімдер бойынша субсидияларды төлеу өтінімдердің келіп түскен күніне сәйкес кезектілік бойынша келесі айда жүзеге асырылады.
Екінші деңгейдегі банктің ағымдағы шотының деректемелері туралы қате мәліметтерге байланысты төлеуге шоттар қайтарылған жағдайда, ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) тауар өндірушіден екінші деңгейдегі банк шотының деректемелерін өзгертуге арналған қосымша өтініш негізінде ағымдағы өтінім бойынша СМАЖ-да екінші деңгейдегі банктің деректемелеріне тиісті өзгерістер енгізеді.
24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.06.2024 № 217 (01.07.2024 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
24-1. Өтінімді толық қанағаттандыру үшін қаражат жеткіліксіз болған жағдайда, ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) СМАЖ арқылы тауар өндірушінің жеке кабинетіне тиесілі субсидияларды ішінара төлеу жөнінде ұсыныс жолдайды. Тауар өндірушінің ұсынысы 2 (екі) күн ішінде қабылданады/қабылданбайды. Тауар өндіруші келіскен кезде ЖАО жіберілген ұсынысқа сәйкес төлем жүргізеді. Тиесілі субсидиялардың қалғаны қаражатты субсидиялар түрлері арасында қайта бөлу және (немесе) ағымдағы/келесі қаржы жылында (жылдарында) бюджет қаражатын бөлу кезінде төленеді.
Тауар өндіруші ішінара төлеу туралы ұсынысты қабылдамаған кезде немесе 2 (екі) күн өткеннен кейін ұсыныс күту парағына сәйкес келесі тауар өндірушіге жіберіледі.
1 қадам. Жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімдерін бастау үшін негіздеме (ҚР Жер кодексінің 84-бабы 2-тармағы).
2 қадам. Мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы шешім («ҚР мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 63-бабы 1-тармағы). Қаулыны қала, аудан әкімдігі қабылдайды (жердің экспликациясын дайындағаннан кейін бір апта мерзімде).
2-1 қадам. Қаулының мазмұнына қойылатын міндетті талаптар («ҚР мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 63-бабы).
2-тармақ.
1.қаулының мақсаты
2.жер учаскесінің орналасқан жері мен ауданы
-
иеліктен шығару күні
4.меншік иесі
5.меншік иесінің өтініш берген орны
2-4-тармақ. БАҚ-та ресми жариялануға тиіс.
2-2 қадам. Мемлекеттік меншіктегі жерлерді резервке қою (ҚР Жер кодексінің 49-бабы 2-тармағы). Резервті аудан әкімдігінің ұсынысы бойынша облыс әкімдігі жүргізеді.
3 қадам. 3 күнтізбелік күннен кешіктірмей жазбаша түрде меншік иесін хабардар ету («ҚР мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 64-бабы 1-тармағы).
3-1 қадам. Меншік иесінің келісу рәсімдеріне құқығы («ҚР мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 69-бабы 1-тармағы).
- оның орнына тең бағалы учаске беру;
- өтемақы мөлшері және т. б.;
- учаскені сатып алу құқығы хабарлама алған сәттен бастап туындайды.
4 қадам. Өтемақы мөлшері («ҚР мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 67-бабы) мүлікті бағалау-бір айлық мерзімде.
4-1 қадам. Жер учаскесінің құны.
Нарықтық құны «ҚР мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 208-бабымен айқындалады.
4-2 қадам. Жылжымайтын мүліктің құны 3-т.
Жер учаскесіндегі жылжымайтын мүліктің құны «ҚР мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 208-бабының нарықтық құны мөлшерінде айқындалады. Бар болса.
4-3 қадам. Залалдарды өтеу мөлшері 4-т.
ҚР Азаматтық кодексінің 4-5-тармақтарына сәйкес «құқығы бұзылған адам өзіне келтірілген залалды толық өтеуді талап ете алады».
5 қадам. Мәжбүрлеп иеліктен шығарудың негізі:
-
Шарт немесе сот шешімі
-
Жергілікті атқарушы орган мәслихатқа меншік иесі хабарлама алған сәттен бастап екі ай мерзімде сатып алу шартының жобасын ұсынады.
6 қадам. Мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы шарт.
7 қадам. Белгіленген тәртіппен өтемақы төлеу.
Жер учаскесін бағалауды тәуелсіз бағалау компаниясы жүргізеді. Бұл ретте бағалау компаниясы бағалаудың дұрыстығына жауапты болады.
Бұдан басқа, бағалау туралы есепте көрсетілген бағалау объектісі құнының қорытынды шамасы, егер бағалау туралы есеп жасалған күннен бастап бағалау объектісімен мәміле жасалған күнге дейін немесе жария оферта ұсынылған күнге дейін алты айдан аспаса, бағалау объектілерімен мәміле жасау мақсаттары үшін ұсынылатын болып танылады.
Меншік иесі бағалау сомасымен келіспеген жағдайда жер учаскесінің құны сот тәртібімен айқындалады. Бұл процедура белгілі бір уақытты алады.
Сот органдары мүлікті бағалаудың дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында сот - тауартану сараптамасын тағайындауға құқылы.
|
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48 – бабының 1-тармағына сәйкес, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерінің жалдау құқығын беруді ауданның немесе қаланың жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырады . Мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін беру осы Кодекстің 43-1 бабында белгіленген тәртіппен конкурс негізінде жүзеге асырылады.Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатушы ретінде жергілікті атқарушы орган өкілдік етеді. Жергілікті атқарушы орган жер учаскелерінің тізбесін дайындайды және хабарландыруды қалыптастырады. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы конкурсты өткізуді қамтамасыз ету үшін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарламаны тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында, сондай-ақ жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында жариялауды жүзеге асырады. Жоғарыда аталған жер заңнамалары талаптарына сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдарында конкурсқа шығарылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің тізбесі жарияланған күннен бастап отыз күнтізбелік күн өткеннен кейін, Қазақстан Республикасының азаматтары конкурсқа қатысу үшін өтінім берулеріне болады. Ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жер учаскелері жергілікті атқарушы органдармен ұйымдастырылған конкурстар негізінде табысталады. |
Облыс аумағында жұмыс істейтін «Иегова куәгерлері» діни бірлестігінің филиалдары ҚР әділет органдарында ресми тіркелген. Бірлестіктің діни қызметіне қатысу ерікті негізде құрылады.
Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының 3-бабы 1-тармағына сәйкес мемлекет дін мен діни бірлестіктерден бөлінген. Осы қағидатқа сәйкес мемлекет діни бірлестіктердің ішкі қызметіне араласпайды. Алайда, сіздің сұрағыңыздың күрделілігін ескере отырып, басқарма тарапынан көрсетілген діни бірлестік қызметі бойынша мониторингтік жұмыстар жүргізіледі.
Сонымен қатар, егер діни бірлестіктің қызметі Сізге және сіздің отбасыңыздың мүшелеріне деструктивті әсер етудің дәлелденген фактілерінде көрінсе, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келсе және діни бірлестік тарапынан материалдық құндылықтарды (ақшаны, мүлікті) тапсыруға мәжбүрлеу фактілері орын алған жағдайда құқық қорғау органдарына, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен конституциялық құқықтардың бұзылғаны немесе заңмен қорғалатын мүдделерді қорғау үшін сотқа жүгінуге құқылы екеніңізді хабарлаймыз.
Басқарма облыс аумағында қолданыстағы заңнаманың шеңберінде дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган болып табылады. Бұл ретте, мешіт салуға рұқсат беру қызметтері Басқарманың құзыретіне кірмейтініне назар аударамыз.
Мазмұндалғанның негізінде, өтініште көрсетілгендей мешіт құрылысы жұмыстарын жүргізуге рұқсат алу үшін облыстық Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жүгінуді ұсынамыз.
Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға дейін:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті бюджетті, бюджет жобасын нақтылау (түзету) кезінде болған, бекітілген (нақтыланған) мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында) көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған шығыстар қысқартылған;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына, тапсырыс берушінің бюджетіне (даму жоспарына) немесе жеке қаржыландыру жоспарына бекітілген (нақтыланған) мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында) көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қажеттігін жоққа шығаратын өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайларда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген жағдайда, бюджетті (даму жоспарына сәйкес ақшаны), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан бөлінген ақшаны немесе жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес ақшаны басқа тапсырыс берушіге қайта бөлуге, сол сияқты мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) ағымдағы жылы осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
- Өнiм берушiнi таңдауға негiз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгермеуі талабымен шарттың жобасына өзгерiстер енгiзуге мынадай өзара байланысты талаптар сақталған кезде:
1) конкурс, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, тараптардың бірі шарттың жобасына өзгерістер енгізуге бастамашы болса;
2) шарт жобасының сомасын азайту бөлігінде өзгеріс енгізуге жол берілсе;
3) шарт жобасының сомасын азайту бөлігінде өзгеріс енгізу туралы шешім тараптардың өзара келісуі бойынша қабылданса;
4) егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарса, екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге жіберілетін шарттың орындалу мерзімін бес жұмыс күніне ұлғайту бөлігінде шарттың жобасына өзгеріс енгізілсе, жол беріледі.
Осы тармақта көзделген талаптарды сақтамай, шарттың жобасына өзгеріс енгізуге жол берілмейді.
- Жасалған шартқа өнім берушіні таңдауға негіз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгермеуі талабымен:
1) тараптардың өзара келiсуі бойынша тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағаны және тиiсiнше шарттың сомасын азайту бөлiгiнде;
2) егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізілсе және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен осындай өзгеріс сомасына қосымша ақша бөлу туралы шешім қабылданса, шарттың сомасын ұлғайту бөлігінде;
3) сатып алынатын тауарлардың, осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жұмыстарды қоспағанда, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жасалған шартында көрсетілген тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бірлігі үшін бағаның өзгермеуі талабымен осы тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлеміне қажеттіліктің азаюына не ұлғаюына байланысты шарттың сомасын азайту не ұлғайту бөлігінде өзгеріс енгізуге жол беріледі. Көрсетілетін көлік қызметтерін, көрсетілетін байланыс қызметтерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың тамақтануын ұйымдастыруға байланысты тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, жасалған шартты осындай өзгертуге осы мемлекеттік сатып алу бойынша қалыптасқан үнемдеу шегінде жол беріледі;
4) егер өнім беруші өзімен жасалған шартты орындау процесінде тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бір бірлігі үшін бағаның өзгермеуі талабымен өзімен жасалған шарттың нысанасы болып табылатын тауарды берудің, жұмысты орындаудың, қызметті көрсетудің неғұрлым үздік сапалық және (немесе) техникалық сипаттамаларын не мерзімдерін және (немесе) талаптарын ұсынса;
5) Қазақстан Республикасының салық, кеден және өзге де заңнамасының өзгеруiнен туындаған, аяқталу мерзiмi келесi (кейiнгi) қаржы жылындағы (жылдарындағы) жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған шарттың сомасын азайту немесе ұлғайту бөлiгiнде;
6) аяқталу мерзiмi келесi (кейiнгi) қаржы жылындағы (жылдарындағы) жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету туралы шарттың сомасын азайту бөлiгiнде;
7) жасалған шарт сомасының өзгермеуі талабымен жылдар бойынша қаржыландыру өзгертілген жағдайда, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету туралы шарттар бойынша міндеттемелерді орындау мерзімдерін өзгерту бөлiгiнде;
8) тапсырыс берушінің және (немесе) өнім берушінің лауазымды адамына қатысты шарттың орындалуына байланысты қылмыстық іс қозғалған жағдайда, жұмыстарды орындау туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімін өзгерту бөлігінде;
9) егер өнім беруші берілетін тауардың өндірушісі болып табылса, тауарды беру туралы шарттың орындалу мерзімін өзгерту бөлігінде өзгеріс енгізуге жол беріледі. Жасалған шартты осылай өзгертуге ағымдағы қаржы жылы шегінде өнім берушінің хабарламасы бойынша он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге жол беріледі;
10) төтенше жағдайдың не карантиндік шектеулердің енгізілуіне байланысты шарттың орындалу мерзімдерін өзгерту бөлігінде өзгеріс енгізуге жол беріледі. Жасалған шартты осылай өзгертуге өнім берушінің хабарламасы бойынша ағымдағы қаржы жылы шегінде жол беріледі;
11) өнім беруші ақшалай талапты басқаға беріп қаржыландыру (факторинг) шартын жасасқан кезде ақша алушының деректемелерін (банктік шоттарын) өзгерту бөлігінде;
12) тапсырыс берушінің үздіксіз қызметін қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша күн сайынғы немесе апта сайынғы қажеттілік шартының қолданысын конкурс, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және шарт күшіне енгенге дейінгі, бірақ екі айдан аспайтын кезеңге ұзарту бөлігінде өзгеріс енгізуге жол беріледі. Жасалған шартты осылай өзгертуге мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімі ішінде, бірақ екі айдан аспайтын мерзімде тапсырыс берушінің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қажетті осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу көлемінен аспайтын көлемде жол беріледі;
13) шарт нысанасында қаржыландыру көзін, бюджет шығыстарының бюджеттік сыныптамасының (өзіндік ерекшелік) кодтарын өзгерту бөлігінде (мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер үшін);
14) тұрақсыздық айыбын, айыппұлды, өсімпұлды ұстап қалуға (өндіріп алуға) байланысты шарт сомасын азайту бөлігінде;
15) тапсырыс берушінің және (немесе) өнім берушінің деректемелерін (банктік шоттарын) өзгерту бөлігінде;
16) табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекіткен тарифтердің (бағалардың) өзгеруіне байланысты шарт сомасын өзгерту бөлігінде;
17) өнім берушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қоюға немесе өнім берушіні тіркеу есебінен шығаруға байланысты шарт сомасын өзгерту бөлігінде;
18) өнім берушінің еңсерілмейтін күш салдарынан өз міндеттемелерін орындауы мүмкін болмауына байланысты, оның ішінде тапсырыс берушінің жұмыстарды орындау орнын пайдалануға тыйым салуына не шартта жоспарланбаған сынақтар және (немесе) сараптамалар жүргізуге байланысты жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету туралы шарттар бойынша міндеттемелерді орындау мерзімдерін өзгерту бөлігінде өзгеріс енгізуге жол беріледі.
- Әлеуетті өнім берушілерге және (немесе) тартылатын қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) мынадай біліктілік талаптары қойылады:
1) құқық қабілеттілігінің (заңды тұлғалар үшін) және азаматтық әрекетке қабілеттілігінің (жеке тұлғалар үшін) болуы;
2) қаржылық тұрғыдан орнықты болуы және республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы.
Әлеуетті өнім берушінің қаржылық орнықтылығын веб-портал мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен кірістер, төленген салықтар, негізгі құралдар, еңбекке ақы төлеу қоры жөніндегі мәліметтер негізінде автоматты түрде айқындайды;
Қазақстан Республикасының заңдарында салықтарды төлеуден толық немесе ішінара босатылған салық төлеушілер санатына жататын әлеуетті өнім берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында қаржылық орнықтылықтың қосымша өлшемшарттары белгіленуі мүмкін.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру мақсаттары үшін негізгі құралдар мен еңбекке ақы төлеу қоры бойынша көрсеткіштерді қоспағанда, қаржылық орнықтылық көрсеткіштерін біріктіруге жол берілмейді.
Бұл ретте қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғалар қызметінің негізгі түрі өткен жылдың алдындағы үш жыл ішінде (үздіксіз) экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы құрылымының бірінші деңгейіне (секциясына) сәйкес келген жағдайда осындай біріктіруге жол беріледі;
3) банкроттық не таратылу рәсіміне жатқызылмауы;
4) шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының болуы, сондай-ақ жұмыскерлер алдында жалақы төлеу бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы.
Жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуда тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушіден шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың шекараларындағы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте тіркелген материалдық және еңбек ресурстарының болуын талап етуге құқылы;
5) жұмыс тәжірибесінің болуы.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру мақсаттары үшін жұмыс тәжірибесі мемлекеттік сатып алу шеңберінде орындалған шарттар және олар туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде бар өзге де шарттар бойынша ғана ескеріледі.
Заңды тұлғалар қайта ұйымдастырылған жағдайда (қосылу, бірігу) қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғалардың бірінің ең көп жұмыс тәжірибесі ескеріледі.