Құрылым
"Ұйғыр ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі
«Ұйғыр ауданының экономика және қаржы бөлімі» Мемлекеттiк мекемесi(бұдан әрi – Бөлім) – Ұйғыр ауданын пропорционалды және теңгерiлген әлеуметтiк-экономикалық дамытуға бағытталған, мiндеттердi орындауды салааралық үйлестiруге, басымдықтарды тиiмдi жүзеге асыруға себепшi болатын, заңдылықпен ескерiлген, өңiрлiк деңгейде мемлекеттiк жоспарлаудың жүйесiн құру мен дамыту саясатын жүзеге асыру шегiнде басшылықты жүзеге асырушы жергiлiктi атқарушы орган болып табылады.
Бөлім өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, ҚР Президентi мен Үкiметiнiң, Алматы облысы әкімдігі және әкiмiнiң, Ұйғыр ауданы әкімдігі және әкiмiнiң актiлерiне, басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ Ережеге сәйкес iске асырылады.
Бөлім басшысы:
Ызғарбек Дархан ЫзғарбекұлыТелефон:
8 (72778) 2-11-52Электрондық пошта:
a.ekon.fin@almobl.gov.kz"Ұйғыр ауданының Ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, облыс әкімі мен аудан әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, сондай-ақ бөлімнің ережесіне сәйкес жүзеге асырады.
Бөлім басшысы:
Ташкенов Ақжол НурдавлетұлыТелефон:
8 (72778) 2-13-32Электрондық пошта:
a.vpolitika@almobl.gov.kz"Ұйғыр ауданының Мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, облыс әкімі мен аудан әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, сондай-ақ бөлімнің ережесіне сәйкес жүзеге асырады.
Бөлім басшысы:
Cабырбай Құндыз СабырбайқызыТелефон:
8(72778) 2-15-06Электрондық пошта:
a.kyltyra@almobl.gov.kz«Ұйғыр ауданының Құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Бөлім басшысы:
Исмаилов Рамиль МырзалимовичТелефон:
8 (72778) 2-15-19Электрондық пошта:
a.arhitektyra.stroitelstvo@almobl.gov.kz"Ұйғыр ауданының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Ұйғыр ауданының «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) ауданның автомобиль жолдары және жол қызметі аясындағы мемлекеттік саясатты іске асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
- Бөлім өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Бөлімнің құрылтайшысы «Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі. - Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
- Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
- Бөлім өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
- Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
- Заңды тұлғаның орналасқан жерi: индекс 041800, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы,Әл-Фараби көшесі, № 100.
- Мемлекеттiк органның толық атауы - Ұйғыр ауданының «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
- Осы Ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
- Бөлім қызметiн қаржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.
- Бөлімге кәсiпкерлiк субъектiлерiмен бөлімнің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Бөлім басшысы:
Исмаилов Дамир МаруповичТелефон:
8(72778) 21522Электрондық пошта:
a.zhkx.ptadzi@almobl.gov.kz"Ұйғыр ауданының Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
-Қазақстан Республикасы Конституциясы, ҚР «Білім туралы» Заңы және білім беру саласына қатысты негізгі құжаттарды тағы басқа заңдарды басшылыққа ала отырып аудандық білім бөліміне басшылық жасайды.
- Аудандағы білім саласын дамытудың басты бағыттарын белгілеп, жолдарын айқындайды;
- Барлық инспекторлық, әдістемелік қызметтер жұмысын үйлестіреді;
- Заң талаптарына сай, конкурстық негізінде бөлім қызметкерлеріне ұсыныс береді, тағайындайды және жұмыстан босатады;
-Аудандағы білім беру мекемелері басшыларын тағайындауға, босатуға тиісті орындарға ұсыныс береді, тағайындайды, босатады;
- Білім саласының қызметі туралы жоғарғы органдармен байланыс жасайды,
- Басшы кадрларды іріктейді, орналастырады, резерв кадрлармен жұмыс ұйымдастырады;
- Аудандық білім бөліміне бөлінген қаражатқа басшылық жасайды, бюджеттегі қаржының жұмсалуын бақылайды;
- Білім беру мекемелерінің материалдық базасын нығайту мәселелерін шешеді;
- Бөлім қызметкерлерінің шығармашылықпен жұмыс істеуіне, талдау, зерттеу жұмыстарының, экспериментерінің дұрыс ұйымдастырылуына ықпал етеді, жұмыс сапасына және құндылығына сай мадақтайды;
- Бөлімнің ішкі еңбек тәртібінің, циклограммасы негізінде жұмысының орындалуын қамтамасыз етеді;
-Аудандық білім бөлімінің жанындағы аппарат, алқа мәжілістерінің жұмысын басқарады;
- ауданның білім саласы қызметкерлерін аттестаттау жұмысына басшылық жасайды, педагог мамандардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді.
« Ұйғыр ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Ұйғыр ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Ұйғыр ауданы әкімдігінің қаулысына сәйкес құрылған Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, үй-коммуналдық шаруашылықжәне тұрғын үй инспекциясы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Электрондық пошта:
Bta_76@mail.ru"Ұйғыр ауданының Кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі
1) кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау;;
2) мемлекеттің мүдделері мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау;
3) кәсіпкерлік қызметті қорғау мен қолдауды қамтамасыз ету;
4) Ұйғыр ауданының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
5) агроөнеркәсiптiк кешенді тұрақты экономикалық және әлеуметтік дамытуды қамтамасыз ету;;
6) бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімін және оның қайта өңдеу өнімдерін өндірудің экономикалық жағдайларын жасау.
7) Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген өзге де мақсаттарды жүзеге асыру.
Бөлім басшысы:
Амаров Рехимжан ТурсунұлыТелефон:
8(72778) 2-11-86Электрондық пошта:
r.amarov@almobl.gov.kz«Ұйғыр ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
- Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі Заңын басшылыққа ала отырып бақылау-қадағалау жұмыстарын iске асырады.;
- Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі Заңына қатысты мемлекет саясатының iске асырылуын қамтамасыз ету;
- Облыстық басқарма мен аудан әкімінің, орынбасарларының және жоғарғы органдардың тапсырмаларын бұлжытпай орындау;
- Жоғары органдарға берiлетiн есеп-қисап жұмыстарын, мәліметерді мен хабарламаларды дер кезiнде тапсыру;
- Өзiнiң саяси және мамандық бiлiктiлiктерiн ұдайы көтерiп, мәдени этикалық қызметтiң жағымды, үлгiлi мiнездерiмен қызмет ету
- Жеке тұрғындар өтінішін қабылдайды және орындайды;
Бөлім басшысы:
Нурсеитов Әсет ЕрболулыҰйғыр ауданының "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Бөлім жұмысына басшылық жасайды, бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты, бөлім қызметшілердың міндеттерін бөледі. Аудан әкімінің бақылауда тұрған шешімдері мен өкімдерінің өз мерзімінде орындалуын бақылауға алады, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерінің өтініштерін қарайды, қабылдау және кеңес береді. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелерді шешу бойынша аудан әкімінің және аудандық мәслихаттың қарауына ұсыныстар енгізеді. Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілік алуды белгілейді.
Бөлім басшысы:
Гаитов Ратмир ЗайнавдунұлыТелефон:
8(72778) 2-12-70Электрондық пошта:
r.gaitov@almobl.gov.kz«Ұйғыр ауданының Ауыл шаруашылғы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады. Ауданның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты экономикалық және әлеуметтік дамуын қамтамасыз етеді. Бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімін және оны қайта өңдеу өнімдерін өндірудің экономикалық жағдайларын жасайды.
Ұйғыр ауданының "Жер қатынастары бөлімі мемлекеттік мекемесі"
Ұйғыр ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі ауданда жер қатынастары салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады
Бөлім басшысы:
Миталипов Юлдашжан МисалимовичТелефон:
2-13-86Электрондық пошта:
a.zemelnii@almobl.gov.kz