Regulations of regional competition among ethnic youth “Абай оқулары”


Жалпы ережелер.
Осы Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауының (бұдан әрі – Байқау) қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай бағытталған іс шараларды өткізу мақсатында әзірленді.
Байқаудың мақсаты:
- қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөз қорын Абай шығармашылығы арқылы насихаттау.
Байқаудың міндеті:
Байқау 2020 жылғы 27 сәуір-20 мамыр аралығында әлеуметтік желіде онлайн режимінде өткізіледі. Байқауға көркемсөз оқу және ән айту шеберлігін қатар меңгерген 18 бен 29 жас аралығындағы этнос өкілдері қатыса алады. Қатысушылардың санына шектеу қойылмайды.
Байқау онлайн түрде ұйымдастырылғандықтан әр қатысушы шығармаларды бейнежазбаға түсіріп, gulbanu62@bk.ru эл.поштасына жіберуі керек. Сондай-ақ, міндетті түрде түсірілген бейнежазбаны #Абай175байқау хэштегімен Almaty Oblysy Til Basqarmasy (фейсбук), tilbasqarmasy_almobl (инстаграм), Almaty-Oblysy Til Basqarmasy (вконтакте) әлеуметтік желілердегі аккаунттарды белгілеп, жүктеуі тиіс.
Байқауды өткізудің тәртібі:
Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Байқаудың ұйымдастырушысы болып табылады.
Байқаудың ережесі Басқарманың әлеуметтік желідегі парақшаларына орналастырылады.
Байқау мынадай тапсырмалардан тұрады:
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 тамыздағы №134 Жарлығына және Мемлекеттік комиссия отырысының 2019 жылғы 30 қазандағы №19-32-41.5 хаттамасымен бекітілген 2020 жылы атап өткізілетін мерейтойлар мен атаулы күндердің тізбесіне сәйкес:
1. Көркемсөз оқу шеберлігін айқындау:
- Абай шығармаларын (білім, ғылым және өнер тақырыптарына өрілген поэзиялық шығармасын, қара сөзін) немесе М. Әуезовтің «Абай жолы» романынан үзіндіні көркем шеберлікпен жатқа орындау (3-4 минут).
2. Әншілік қабілетін таныту:
- Халық әнін немесе Абайдың әндерін орындау (1 ән). Уақыты 3-5 минуттан аспауы тиіс.
Қорытынды ережелер
Байқау қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамын Басқарма бекітеді. Қазылар алқасының құрамы төрағадан және оның мүшелерінен тұрады. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысушылардың онлайн түрде орындалған, әлеуметтік желілерге, облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының әлеуметтік желідегі парақшаларына жүктелген тапсырмаларының жалпы қаралымын, тыңдалымын, бағалануын ескере отырып, қазылар алқасы мүшелерінің дауыс беру қорытындысы бойынша анықталады. Қазылар алқасы мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады. Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде ресімделіп, қол қойылады.
Қазылар алқасы үміткерлердің өнерін бағалау кезінде төмендегі талаптарды ескереді:
1) көркем мәтінді таңдау және оқу шеберлігіне;
2) қазақ тілінде орфоэпиялық нормаларды сақтап сөйлеуіне;
3) ән орындау шеберлігіне;
4) өнер көрсету мәдениетіне және қазақтың ұлттық киім үлгісіне назар аударылады.
14. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен, алғысхаттармен және бекітілген сыйлық қорымен марапатталады (уақыты қосымша хабарланады).
Бұрынғы облыстық байқаулардың жеңімпаздары байқауға қатыстырылмайды. Қатысушылар қазақтың ұлттық киімінде өнер көрсетуі міндетті.
Анықтама үшін:
Талдықорған қаласы, І. Жансүгіров көшесі, 36/б Тіл сарайы,
«Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» ММ.
Байланыс телефондары: 8 (7282) 40-10-49, 40-01-56.
Ватсап желісіндегі байланыс нөмірі: 8 777 838 19 36.
27 April 2020
20 May 2020
Announcement