Меню

Страницы

Статья

Heritage of Abai - enternal treasure

Биыл ұлтымыздың ұлы перзенті Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл.  Ұлы ақынның шығармалары қай заманда да өзекті.

Қазіргі уақытта Абай музейінің асыл қорында әр жылдары баспадан жарық көрген Абай шығармалары және «Семей облысындағы ақын, жазушылардың тартуы» жинағы сақталған. ХХ ғасырдың басында баспадан жарық көрген Абай шығармалары қазіргі таңда ұрпаққа мұра ретінде қалған құнды жәдігерлер қатарында.

Ең алғаш Абай шығармаларын ұлтымыздың жанашыры Әлихан Бөкейханов жинақтады. Ол  ақынның шығармалырын жинақтау сақтау, халық арасында насихаттау жолында өлшеусіз еңбек сіңірді. Кәкітай мен Тұрағұл арқылы ақын шығармаларын жинап, баспаға дайындау жұмыстары жүргізілді. Сөйтіп, 1909 жылы Санкт-Петербург қаласындағы Ілияс Бораганский баспаханасынан Абай шығармаларының алғашқы жинағы жарық көрді. Бұдан кейін Абай шығармалары 1922 жылы Қазан қаласында, Ташкентте, 1933 жылы Қызылордада жарық көрді.

1940 жылы Абай музейінің ашылуына орай «Семей облысындағы ақын-жазушылардың тартуы» атауымен бір ғана данамен арнау өлеңдер топстастырылған жинақ шығарылды. Латын графикасымен басылған бұл жинаққа Әрхам Ысқақов, Қайым Мұхамедханов және т.б. арнаулары енген.

Аталмыш басылымдар сирек құндылықтар қатарында екендігі мәлім. Сондықтан бұл кітаптармен танысу еліміздегі көптеген музей, көпшілік кітапхана сынды мәдени мекемелерге келушілер үшін мүмкін болмай отыр.

Ұлы ақынның биылғы  мерейтойы қарсаңында  Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Абай музейі дайындаған ақын шығармаларының көшірмелерін алып, өз аймақтарында Абай мұрасын насихаттап, көпшілікке таныстыру мақсатында кітапхана қорларын сирек кездесетін Абай мұраларымен толықтырды.

Тек қазақ халқы емес, әлем  бас иген дара тұлғамызды дәріптеу біздің елдік, халықтық парызымыз болып саналады.


Мейрамгүл ҚАЙРАМБАЕВА,

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» тарихи-мәдени

және әдеби-мемориалдық қорық-музейі

директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары.

Дата публикации
16 января 2020
Дата обновления
16 января 2020
Тип
Useful information

Сейчас читают

Information
30 марта 2024
About the opening of the Voroshilov reservoir dam
Information
04 марта 2024
An important message from the operational headquarters of the Almaty region!
Information
10 июля 2023
Analysis of pasture scarcity

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram
VK
Youtube

Меню подвал

State of the Nation Address of the President of Kazakhstan
Website of the President of Kazakhstan
Website of the Prime Minister of Kazakhstan
Digital transformation concept
Life situations
National symbols
Terms and explanations
Central communications service under the President of the RK
Screen Reader
Құпиялылық саясаты