Талғар аудандық кітапханасы

Аудандық кітапхана қызметкерлері сіздермен әлуметтік желіде қауышқанымызға қуаныштымыз!

Талғар аудандық кітапханасы сіздерге төмендегідей қызмет көрсетеді:

1. Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі;

2. Абономент бөлімі;

3. Автоматтандыру және жаңа технологиялар бөлімі;

4. Библиография бөлімі;

5. Кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімі;

Абонемент және оқырман залында оқырмандар назарына білімнің барлық салалары бойынша кітаптар, анықтамалықтар,көркем әдебиет, қазақ, орыс және шетел классиктерінің шығармалары мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылады. Түрлі-түсті тақырыптық кітап көрмелері жаңа әдебиеттермен, мерейгер-жазушылармен, кітап серияларымен таныстырады.

Оқырмандар залында оқырмандарға газет және журналдар атауы ұсынылады.

Ақпараттық кызмет көрсету

1.Маңызды мәселелер бойынша құжаттар іздестіру;

2. Мерзімді басылымдар бойынша жедел ақпарат;

3. Библиографиялық тізімдер және тақырыптық жинақтар;

4. Оқиғалар мен фактілер, ұмытылмас күндер бойынша анықтамалар;

5. «Параграф» ақпарат жүйесін, цифрлық кітапхананы пайдалану;

6. Кітапхананың электронды каталогы бойынша ақпарат іздестіру;

7. Оқырман талаптарын білімдік және анықтамалық CD-ROM-дар арқылы қанағаттандыру;

8. «Электрондық үкімет» қызметі;

9.Реферат және басқа жұмыстарды безендіру ( мәтін теру, графикалық сызба, титул бетін көркемдеу);

10. Ксерокөшірме;

11. Құжаттарды сканерден өткізу (фотосуреттер, мәтін,слайдтар);

12.Электронды мәтін аудармалары;

13. CD-дискілерді жазу;

14. ЖК пайдалануға беру.

Кітапханаға келіңіздер!Көпшілік оқырмандарға кітапхана есігі әрқашан ашық!Сіздерді кітап оқуға шақырамыз!