Құрылым
Жобалардың экологиялық сараптамасы және табиғатты қорғау бағдарламалары бөлімі
Қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалардың қорытындылары негізінде өз құзыреті шегінде кәсіпорындарды, құрылыстар мен өзге де объектілерді салуға немесе реконструкциялауға тыйым салады немесе рұқсат береді.
Табиғатты қорғау жөніндегі жылдық шаралар жоспарын жасайды және жүзеге асыру жұмыстарымен айналысады.
Жануарлар дүниесі бөлімі
Облыс аумағында орналасқан, жергілікті, халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын бекітіп беру, сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру, сондай-ақ қолдан өсiру жөнiндегi қызметтi ұйымдастырады.
Орман шаруашылығы бөлімі
Орман шаруашылығы бөлімінің негізгі жұмыстары және мақсаты - уәкілетті органмен келісе отырып орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру жөніндегі өңірлік бағдарламаларды әзірлеп, оларды іске асырады.