"Бақанас арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ
«Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Бақанас арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Жарғысы. Тіркеу күні 02.05.2023 ж.
«Бақанас арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы – 18 жастан асқан психоневрологиялық патологиясы және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектерге стандартта белгіленген көлемдер бойынша стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мекеме.
Орталықта келесі қызмет түрлері көрсетіледі: әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық.