"Белсенді ұзақ өмір орталығы" КММ
«Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Орталық) Алматы облысы әкімдігінің 2023 жылғы 10 қаңтардағы №6 қаулысы негізінде ашылды.
Бөлінген бюджет қаражатының жалпы сомасы – 482 184 000 теңге.
Орталық зейнет жасындағы азаматтарға 8 бағыт бойынша қызмет көрсетеді: әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-еңбек. Сонымен қатар, денсаулықты нығайту, өмір сапасын арттыру мақсатында сауықтыру, білім беру және бос уақытты тиімді өткізу қызметтері ұсынылады.
2024 жылғы 31 мамырда №79 бұйрық негізінде мекеменің Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, оған сәйкес Орталық Алматы облысы аумағында филиалдар аша алады.
2024 жылы Қонаев қаласында, Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылдық округінде, Жамбыл ауданы Мыңбаев ауылдық округінде филиалдар ашылды.
2025 жылы Орталық 6 ауданда және 2 қалада – Алатау және Талғар қалаларында филиалдары ашылды.
Тіркелген қызмет алушылардың жалпы саны – 2045 адам. Олар 26 түрлі қызметпен қамтылған: йога, скандинавиялық жүріс, емдік дене шынықтыру (ЛФК), цигун, аквааэробика, хор, вокал, еңбек терапиясы, гарденотерапия , жадты нығайту әдістері, ағылшын және қазақ тілдері, IT сауаттылық, би, жүгіру жолы (тредмил), аяққа массаж, теннис, актерлік шеберлік, фильмдер көру, караоке, психолог және заңгер кеңесі, экономикалық сұхбаттар, сурет салу, кітап оқу, фут-хаб.