"Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарға арналған әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ

Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы» Іле ауданы аймағында, Өтеген батыр кенті, З.Батталханов № 30 мекен жайында орналасқан, 80 адамға арналған.


«Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы», ары қарай әлеуметтік бейімдеу орталығы, қиын жағдайда қалған үйі-күйі жоқ және сотталып шығып, барар жері болмаған адамдарға яғни пробацияда тіркеуде тұрған адамдарға арналған тәулік бойы жұмыс жасайтын уақытша (бір жыл) медициналық әлеуметтік мекеме болып табылады.


Әлеуметтік бейімдеу орталығы Алматы облысы әкімінің 2023 жылдың 01 қаңтар мерзіміндегі №7 қаулысымен құрылып, 2023 жылдың 31 мамырынан бастап жұмысын бастады.


Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сай 7 қызмет көрсетеді:
1.Әлеуметтік - тұрмыстық
2.Әлеуметтік - медициналық
3.Әлеуметтік - еңбекпен оңалту
4.Әлеуметтік - психологиялық
5.Әлеуметтік - мәдени
6.Әлеуметтік - құқықтық
7.Әлеуметтік - экономикалық