"Қонаев қаласындағы күндіз болу орталығы" КММ

«Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қонаев қаласындағы күндіз болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – Алматы облысы әкімінің 2023 жылғы 13 қаңтардағы №8 қаулысы негізінде – 60 орынға арналған 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі тірек-қимыл аппараты бұзылған және психоневрологиялық ауытқулары бар балаларға арналған жартылай стационарлық үлгісіндегі әлеуметтік қызмет түрлерін көрсететін мекеме ретінде ашылды.

Бүгінде орталықтағы 47 қызмет алушыға 7 бағытта арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді: әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық.

Орталықта келесідей мамандар арнаулы қызметтер көрсетіледі:

  • логопед;
  • дефектолог;
  • балалар психологы;
  • еңбек терапиясы бойынша нұсқаушы;
  • дене шынықтыру пәнінің мұғалімі;
  • мәдени ұйымдастырушы (музыкалық жетекші);
  • массаж жасау жөніндегі медбике;
  • жалпы медбике;
  • емдік дене шынықтыру (ЕДШ) нұсқаушысы.

Қажеттіліктеріне қарай: педиатр, невропатолог, психиатрдың консультациялық кеңестері беріледі.

Сондай-ақ орталықта: сенсорлық кабинет, оттегі коктейлі қондырғысы, тұзды шахта, массаж кабинеті, ипподром (соған сәйкес иппотерапия) және балалар ойын алаңы жұмыс істейді. Балаларға күндізгі ұйқы мен күніне 4 мезгіл тамақтану қарастырылған.