"Тұрмыстық зорлық зомбылық құрбандарына әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ

КММ «Тұрмыстық зорлық‑зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы» өз қызметін Алматы облысы әкімінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № 383 қаулысының негізінде жүзеге асырады. Орталық 2023 жылғы 27 наурыздан бастап өз жұмысын бастады.
Мақсаты – отбасылық ынтымақ пен жарасымдылықты нығайту, қиын жағдайға тап болған азаматтарға жан‑жақты көмек көрсету, қоғамда қауіпсіз орта қалыптастыру.
Орталық 50 орынға есептелген, қызметтер құпия түрде және тегін көрсетіледі.

Орталықта қатыгездік пен зорлық‑зомбылыққа ұшыраған немесе қаупі төнген әйелдер мен балаларға төмендегідей қызметтер көрсетіледі:
Қауіпсіз баспана;
Психологиялық тұрақтандыру;
Заңгерлік кеңес;
Әлеуметтік және медициналық қолдау;
Құқық қорғау органдарымен және басқа да мекемелермен өзара байланыс орнатуға көмек көрсету.

Қызмет алушылардың санаты: тұрмыстық зорлық‑зомбылық құрбандары.
Арнайы әлеуметтік қызметтер тәулік бойы, бес мезгіл тамақтануымен бірге, белгіленген тамақтану нормалары мен жеткізу қызметтеріне сәйкес көрсетіледі.

Орталықта келесі арнайы әлеуметтік қызмет түрлері ұсынылады:
әлеуметтік‑тұрмыстық қызметтер, әлеуметтік‑медициналық қызметтер, әлеуметтік‑психологиялық қызметтер, әлеуметтік‑педагогикалық қызметтер, әлеуметтік‑еңбек қызметтері, әлеуметтік‑мәдени қызметтер, әлеуметтік‑экономикалық қызметтер, әлеуметтік‑құқықтық қызметтер.

Орталықтың мекенжайы: Алматы облысы, Қонаев қаласы, 1‑ықшамаудан, №41.
Ғимарат жалға алынған. Жалпы аумағы – 739,1 ш.м.

Бөлінген бюджет қаражатының жалпы сомасы – 184 195 мың теңге.

 

Директор                                                           телефон

Алпысбаева Раушан Куандыковна            8-7273-91 62 50