"Еңбек ресурстарын талдау орталығы" КММ
«Еңбек ресурстарын талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Орталық) Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) ведомстволық бағынысты ұйымы болып табылады және өз қызметін Алматы облысы әкімінің 2021 жылғы 12 шілдедегі №266 қаулысының негізінде жүзеге асырады.
Орталық әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік саясатты ақпараттық-талдамалық сүйемелдеуді, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға, еңбек мобильділігі орталықтарына және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарына әдістемелік қолдау көрсетуді жүзеге асырады.
Орталықтың негізгі қызметтері:
• Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарына консультациялық, әдістемелік, ұйымдастырушылық және ақпараттық-талдамалық қолдау көрсету;
• Мемлекеттік қолдау шаралары бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге қатысу;
• Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша талдамалық материалдарды, анықтамалық әдебиеттерді, журналдарды, газеттерді және буклеттерді дайындау және шығару;
• Ақпараттық жүйелерді ақпараттық қолдау, сондай-ақ әлеуметтік-еңбек саласындағы компьютерлік және перифериялық жабдықтарға жүйелік және техникалық қызмет көрсету;
• Әлеуметтік салаға қатысты, соның ішінде бюджет және ашық деректер бойынша ақпаратты интернет-ресурстар мен сайттарға орналастыру;
• Орталық пен Басқарманың қызметін ақпараттық сүйемелдеу: ақпараттық дайджесттер дайындау және тарату, БАҚ-пен өзара іс-қимыл, интернет кеңістікте материалдарды ілгерілету, қоғамдық іс-шараларды ақпараттық қолдау.
Мекенжайы: Алматы облысы, Қонаев қаласы, 1-ықшамаудан, 41-ғимарат