«Ақ ниет» Талғар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ

«Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ақ ниет» Талғар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (ары қарай – Орталық) 2006 жылдан бастап жұмыс жасайды.

Қызмет алушылардың санаты – стационар жағдайында тәулік бойы тұратын 1-ші, 2-ші топ мүгедектігі  психоневрологиялық аурулары бар адамдар. Орталық 101 төсек орынға арналған. 

Бөлінген бюджет қаражатының жалпы сомасы - 530 млн.

Орталық арнаулы әлеуметтік қызметтердің келесі түрлерін көрсетеді: әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық.