Жиі қойылатын сұрақтар
- Жұмыс уақытының ұзақтығы
Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің жұмыс уақыты еңбек заңнамасына сәйкес аптасына белгіленген педагогикалық жүктеме арқылы айқындалады.
- Педагогикалық жүктеме
Тәрбиешінің күнделікті және апталық жұмыс көлемі оқу-тәрбие процесінің ерекшелігіне қарай белгіленеді.
- Ішкі еңбек тәртібі
Жұмыс кестесі білім беру ұйымының ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен бекітіледі. Онда жұмыс басталу және аяқталу уақыты, үзілістер, кезекшілік тәртібі көрсетіледі.
- Қосымша міндеттер
Тәрбиешіге әдістемелік жұмыс, ата-аналармен байланыс, құжат жүргізу сияқты қосымша міндеттер жүктелуі мүмкін.
- Еңбек құқықтарының сақталуы
Педагогтердің жұмыс уақыты, демалыс уақыты және еңбек жағдайлары еңбек заңнамасына сәйкес қамтамасыз етіледі. Мақсат: Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің жұмыс уақытының ұзақтығын және еңбек тәртібін түсіндіру.
- Заңсыз ақша жинауға тыйым салынады
Мектепке дейінгі ұйым әкімшілігі мен педагогтер ата-аналардан заңда көзделмеген қаржы талап етуге құқылы емес.
- Ресми төлемдер ғана жүргізіледі.
Ата-аналар төлемі тек заңнамада белгіленген қызметтер бойынша және ресми төлем жүйелері арқылы қабылданады.
- Қайырымдылық ерікті түрде жүзеге асырылады
Қайырымдылық көмек тек ерікті негізде көрсетіледі және ата-аналарды мәжбүрлеуге жол берілмейді.
- Құқық бұзушылық үшін жауапкершілік.
Заңсыз ақша жинау фактілері анықталған жағдайда жауапты тұлғалар тәртіптік немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
- Шағымдану тәртібі
Ата-аналар заңсыз ақша жинау фактілері бойынша білім бөліміне, білім басқармасына немесе құқық қорғау органдарына жүгіне алады.
Мақсат: Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналардан ақша жинаудың заңдылығы туралы түсіндіру.
- Бос жұмыс орындарына конкурс өткізу
Білім беру ұйымдары бос лауазымдарға ашық конкурс жариялайды.
- Жас мамандарды тарту
Педагогикалық оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру жұмыстары жүргізіледі.
- 3. Әлеуметтік қолдау шаралары
Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін педагогтерге көтерме жәрдемақы, тұрғын үймен қамтамасыз ету және коммуналдық жеңілдіктер қарастырылуы мүмкін.
- Қайта даярлау және біліктілікті арттыру
Кадр тапшылығы бар бағыттар бойынша педагогтерді қайта даярлау курстары ұйымдастырылады.
- Ұлттық білім беру деректер қоры арқылы жұмысқа қабылдау
Педагогтерді қабылдау ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық жүйелер арқылы жүргізіледі.
Мақсат: Балабақшалардағы кадр тапшылығын шешу тетіктері мен қолдау шараларын түсіндіру.
-
Бос орындар туралы хабарландыруды қадағалау
Білім беру басқармасы (немесе жергілікті атқарушы орган) мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін конкурс өткізу туралы ресми хабарландыру жариялайды.
-
Құжаттарды дайындау және тапсыру
Мектепке дейінгі ұйым конкурсқа қатысу үшін тиісті құжаттарды дайындайды. Әдетте талап етілетін құжаттар:
- Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі (немесе анықтамасы);
- Лицензия (бар болса);
- Жарғы (Устав) көшірмесі;
- Материалдық-техникалық база туралы мәліметтер;
- Білім беру қызметін жүзеге асыратын педагог кадрлар туралы ақпарат;
- Санитарлық талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар;
- Өрт қауіпсіздігі туралы анықтамалар және т.б.
-
Құжаттарды қабылдау және тіркеу
Құжаттарды қабылдау конкурс туралы хабарландыру шыққан күннен бастап белгілі бір мерзім ішінде (мысалы, 3 жұмыс күні ішінде) жүзеге асырылады.
-
Құжаттарды қарау және бағалау
Комиссия ұсынылған құжаттарды қарайды, олардың талаптарға сәйкестігін тексереді, қажет болған жағдайда мектепке дейінгі ұйымға барып, тексеру жүргізеді.
-
Конкурс нәтижесі және мемлекеттік тапсырысты орналастыру
Комиссия шешімі негізінде ұйым мемлекеттік тапсырысты орындаушы ретінде таңдалады. Шешім хаттама түрінде рәсімделеді және білім беру басқармасының ресми сайтында жарияланады.
-
Шарт жасасу
Таңдалған мектепке дейінгі ұйым мен білім беру басқармасы арасында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы шарт жасалады.
Мақсат: Мектепке дейінгі ұйымдарға мемлекеттік тапсырысты алу тәртібін, қойылатын талаптарды және қажетті рәсімдерді анықтау, сондай-ақ қаржыландыруға қол жеткізу жолдарын түсіну.
-
Жұмысқа орналасуға қолдау
Жас мамандар бос жұмыс орындарына конкурсқа қатысу арқылы қабылданады.
-
Әлеуметтік жеңілдіктер
Ауылдық жерге жұмысқа барған педагогтерге көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу үшін бюджеттік кредит беру қарастырылуы мүмкін.
-
Тәлімгерлік қолдау
Жас педагогтерге тәжірибелі мамандар тарапынан тәлімгерлік көмек ұйымдастырылады.
-
Біліктілікті арттыру
Жас мамандар кәсіби біліктілігін арттыру курстарына қатысу мүмкіндігіне ие болады.
-
5. Еңбек құқықтарын қорғау
Жас педагогтердің еңбек құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктері заңнамаға сәйкес қорғалады.
Мақсат: Жас педагогтерге көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат беру
Педагогтер арасындағы және педагог пен мектеп әкімшілігі арасындағы қақтығыстар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Педагог мәртебесі туралы» Заңына, сондай-ақ білім беру ұйымдарының ішкі тәртіп қағидалары мен педагогикалық әдеп нормаларына сәйкес қаралады.
-
Қақтығыс туындаған жағдайда мәселе алдымен білім беру ұйымы деңгейінде қаралады. Тараптар арасында түсіндіру және татуластыру жұмыстары жүргізіледі.
-
Қажет болған жағдайда мектеп басшысы қызметтік тексеру тағайындайды.
-
Кәсіподақ ұйымы немесе әдеп жөніндегі кеңес тартылуы мүмкін.
-
Тексеру нәтижесі бойынша тәртіптік шара қолдану немесе татуластыру туралы шешім қабылданады.
-
Егер тараптар келіспесе, жоғары тұрған органға немесе сотқа шағымдануға құқылы.
Мақсат: Білім беру ұйымдарында туындайтын қақтығыстарды қарау, реттеу және шешу тәртібін түсіндіру
Білім беру ұйымдарындағы бос лауазымдар міндетті түрде ашықтық қағидаты бойынша жарияланады.
Бос орындар:
-білім беру ұйымының ресми сайтында;
-жергілікті білім басқармасы- ның интернет-ресурстарында;
-«Ұлттық білім беру деректер қоры» (ҰБДҚ)
ақпараттық жүйесінде;
-сондай-ақ «Enbek.kz» электрондық еңбек биржасында орналастырылады. Жарияланымда лауазым атауы, талаптар, еңбек шарттары, жалақы мөлшері және құжаттарды қабылдау мерзімі міндетті түрде көрсетіледі. Бұл талаптар кадрларды іріктеу процесінің ашықтығын және әділдігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Мақсат: Білім беру ұйымдарындағы бос педагогикалық және әкімшілік лауазымдардың жариялану тәртібін, олардың ашықтығын қамтамасыз ету механизмдерін және жұмысқа қабылдау үдерісінің қолжетімділігін түсіндіру.
Еңбек заңнамасына сәйкес педагог лауазымына жаңадан қабылданған қызметкерге сынақ мерзімі белгіленуі мүмкін. Сынақ мерзімі қызметкердің кәсіби деңгейін, лауазым талаптарына сәйкестігін және еңбек міндеттерін орындау сапасын анықтау үшін қолданылады. Сынақ мерзімі еңбек шартында нақты көрсетіледі және заңда белгіленген мерзімнен аспауы тиіс. Сынақ мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыс беруші қызметкердің жұмысына баға беріп, еңбек қатынасын жалғастыру немесе тоқтату туралы шешім қабылдайды.
Мақсат: Педагогтерді білім беру ұйымдарына жұмысқа қабылдау кезінде сынақ мерзімінің қолданылу тәртібін, оның құқықтық негіздерін және жұмысқа қабылдау процесіндегі рөлін айқындау, сондай-ақ еңбек қатынастарының заңдылығын түсіндіру.
-
Аттестаттауға өтініш беру
Педагог біліктілік санатын алу немесе растау үшін белгіленген мерзімде өтініш береді. Өтініш электрондық форматта қабылданады.
-
Құжаттарды тапсыру
Педагог келесі құжаттарды ұсынады:
- Жеке куәлік көшірмесі;
- Білімі туралы құжат;
- Бұрынғы санат туралы куәлік (бар болса);
- Кәсіби жетістіктерін растайтын құжаттар;
- Портфолио материалдары;
- Қызмет нәтижелерін растайтын өзге де құжаттар.
-
Біліктілікті бағалау
Педагогтің кәсіби құзыреттілігі кешенді талдау арқылы бағаланады. Бағалау барысында педагогтің оқыту нәтижелері, әдістемелік жұмысы, кәсіби даму белсенділігі және жетістіктері ескеріледі.
-
Аттестаттау комиссиясының қарауы
Комиссия ұсынылған құжаттарды қарап, педагогке тиісті біліктілік санатын беру немесе растау туралы шешім қабылдайды.
-
Шешімді рәсімдеу
Комиссия шешімі хаттамамен рәсімделіп, педагогке біліктілік санаты беріледі немесе қолданыстағы санаты расталады.
-
Бұйрық шығару
Білім беру ұйымының немесе уәкілетті органның бұйрығы негізінде педагогке тиісті біліктілік санаты ресми түрде беріледі.
Мақсат: Педагогтердің біліктілік санатын беру тәртібін, кезеңдерін және қойылатын талаптарды түсіндіру.
Педагогтердің біліктілік санатын беру (растау) аттестаттау рәсімі арқылы жүзеге асырылады.
-
Бос орындар туралы хабарландыру
Білім беру ұйымдары бос педагогикалық лауазымдарға конкурс жариялайды. Хабарландыру ресми интернет-ресурстарда немесе ұйымның сайтында, жұмыспен қамту орталықтарында орналастырылады.
-
Құжаттарды жинау және тапсыру
Педагог конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды жинап, белгіленген мерзімде тапсырады. Әдетте сұралатын құжаттар:
- Жеке куәлік көшірмесі;
- Білімі туралы дипломның көшірмесі;
-Еңбек кітапшасының көшірмесі (еңбек өтілі бар болса);
- Санаты туралы құжаттар (бар болса);
- Медициналық анықтама;
- Үміткердің өмірбаяны және басқа да талап етілетін құжаттар.
-
Конкурс немесе әңгімелесу
Түскен құжаттар қаралып, педагог үміткерлермен конкурстық іріктеу немесе әңгімелесу өткізіледі. Конкурс комиссиясы педагогтың біліктілігін, тәжірибесін және кәсіби дайындық деңгейін бағалайды.
-
Қабылдау туралы шешім
Конкурс нәтижесінде комиссия педагогты жұмысқа қабылдау немесе қабылдамау туралы шешім қабылдайды. Шешім хаттамамен рәсімделеді.
-
Еңбек шартын жасау
Конкурс жеңімпазы білім беру ұйымымен еңбек шартына отырады. Осы сәттен бастап педагогтың еңбек қатынастары ресми түрде басталады.
-
Лауазымға тағайындау
Педагог ішкі бұйрық негізінде өз қызметіне ресми түрде тағайындалады.
Мақсат: Педагогтердің білім беру ұйымдарына жұмысқа қабылдану тәртібін, талаптары мен рәсімдерін анықтау, сондай-ақ жұмысқа орналасу үдерісінің заңдылығы мен ашықтығын түсіну.