Жиі қойылатын сұрақтар
Қазақстанда әскери қызметке шақыру келесі тәртіппен жүзеге асырылады:
1. Шақыру қағазы: 18-27
жас аралығындағы
ер азаматтарға әскери комиссариаттан шақыру қағазы жіберіледі.
2. Медициналық тексеру: Шақырылған азаматтар денсаулығын тексеруден өтеді.
3.Әскери есепке алу: Денсаулығы жарамды азаматтар әскери есепке алынып, әскери қызметке жіберіледі.
4.Әскери қызмет: Әскери қызмет мерзімі – 12 ай.
Маңызды: Кейбір азаматтар денсаулық жағдайына, отбасылық себептерге немесе оқуына байланысты әскери қызметтен босатылуы мүмкін.
Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысы – халықты қазіргі заманғы зақымдаушы құралдардың зақымдау (қирату) факторларының әсерінен қорғау үшін арнайы жабдықталған және соған арналған инженерлік құрылыс.
Авариялық-құтқару жұмыстары – адамдарды, материалдық және мәдени құндылықтарды іздеу және құтқару, төтенше жағдай аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету.
Азаматтық қорғау іс-шараларын қаржыландыру:
1)бюджет қаражаты;
2)ұйымдардың қаражаты;
3)азаматтардың, қорлардың және қоғамдық бірлестік-тердің ерікті жарналары.
Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын кәдеге жарату немесе жою туралы шешімді мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган қабылдайды.
Төтенше жағдай кезінде халыққа хабар мына жолдармен беріледі:
- Сирена немесе дауыс зорайтқыштар қосылады (дабыл белгісі)
- Теледидар мен радио арқылы хабарлама беріледі
- Ұялы телефонға SMS-хабарлама келеді
- Әлеуметтік желілер мен ресми сайттарда ақпарат жарияланады
- Әкімдік пен құтқару қызметкерлері тікелей хабарлайды.
Азаматтық қорғаныс дегеніміз -Халықты және белгілі бір аумақты зақымдау (қирату) факторларының әсерінен, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау бойынша бейбіт уақытта және соғыс уақытында ұйымдастырылатын іс-шаралар.
Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік "112" қызметі - төтенше жағдайдың туындау алғышарттары немесе туындауы, өрт, адамдардың өміріне төнген қатер мен денсаулығына зиян келтіру қатері туралы және өз құзыреті шегінде шұғыл қызметтердің ден қою жөніндегі іс-қимылдарын кейіннен үйлестіре отырып шұғыл көмек шараларын қолдануды қажет ететін өзге де жағдайлар туралы жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін хабарламаларды қабылдау және өңдеу қызметі.
Әскери міндеттілерді бекітіп қою – жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында мемлекеттік органдар мен ұйымдардың іркіліссіз жұмысын қамтамасыз ету үшін оларға еңбек ресурстарын бекіту.
Белгіленген уақытта жергілікті әскери басқару органына келуге және медициналық тексеруден өтуге міндетті.