Алматы облысының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Алматы облысының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлауға конкурс жариялайды

Алматы облысының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Алматы облысының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлауға конкурс жариялайды

Конкурс «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ережеге сәйкес өткізіледі.

Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамы - 38 адам, оның ішінде:

- коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар - 35 адам;

- мемлекеттік органдардың өкілдері - 3 адам.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар, оның ішінде өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынады. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады.

Алматы облысының Қоғамдық кеңесінің мүшелігіне он сегіз жасқа толған, сондай-ақ Алматы облысында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы кандидат бола алады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мынадай құжаттарды ұсынады:

1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;

5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісім ұсынылады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе Алматы облыстық мәслихаты көрсетілген анықтамаларды ақпараттық жүйелерден талап етіп алдыруына жазбаша келісуі арқылы ұсынады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдайтын мемлекеттік орган - Алматы облыстық мәслихаты. Құжаттар қолма-қол беріледі немесе Алматы облыстық мәслихатының электрондық мекен жайына жіберіледі.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;

2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.

Үміткерлер келесі жағдайларда конкурсқа жіберілмейді:

1) осы хабарландыруда көрсетілген құжаттар мен толық мәліметтер ұсынылмаған кезде;

2) дәйексіз ақпаратты қамтитын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынған кезде.

Құжаттарды тапсыру мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен кейін 10 жұмыс күні ішінде.

Құжаттар 2025 жылғы 24 қаңтардан бастап 2025 жылғы 06 ақпанды қоса алғанда сағат 18.30-ға дейін қабылданады.

Мекен-жайы: Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі, 16/4, 6-қабат, 615 кабинет.

Электрондық пошта: info@almoblmaslihat.gov.kz

анықтама телефоны 8 (72772) 20346, 87017118175.

Жұмыс режимі: «Алматы облыстық мәслихатының аппараты» ММ дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

 

 

Облыстық қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы