2 мың балаға мерекелік сыйлықтар үлестірді

2 мың балаға мерекелік сыйлықтар үлестірді

Алматы облыстық мәслихатының депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі Билалдин Ушуров жаңа жыл қарсаңында өңірдегі 2 мың балаға мерекелік сыйлықтар үлестірді. Бұл іс-шара  балалардың жаңа жыл мерекесіне деген қуанышын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. 

Билалдин Ушуров мереке барысында балаларға өз қолымен сыйлықтарын табыс етіп, олардың болашағына сенім мен үміт сыйлайтынын атап өтті. Сонымен қатар, ол бұл шараның қоғамдағы бірлік пен қайырымдылық мәдениетін нығайтуға бағытталғанын, сондай-ақ әрбір баланың өзіне деген сенімділігін арттырудың маңыздылығын сөз етті.