
2026 жылдың қыркүйек айында облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғоджаев, облыстық мәслихат депутаттары Қ.Ақберген, Н.Бокыбаев, В.Гринченко, Б.Ушуров, Ә.Ақжолтаева, Е. Жақсыбаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Депутаттардың қабылдауына келген 30 азаматтың өтініштері тыңдалды. Қабылдау барысында 12 азаматтың өтініштерінің сол мезетте шешімі табылды. Ал қалған өтініштерге заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, күрделі мәселелердің шешімі алдағы уақытта шешілетіндігі айтылды.