Алматы облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті

Алматы облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті

Отырысқа облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғоджаев, облыстық мәслихат депутаттары мен облыстық басқарма басшылары қатысты.

Отырыстың күн тәртібінде «Алматы облысының 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджетін бекіту туралы» мәселе қаралды.

Отырыс барысында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы А.Ораз бюджет жобасының негізгі көрсеткіштері, әлеуметтік-экономикалық дамудың басты бағыттары, және өңірдегі инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру жоспары туралы баяндама жасады.

Отырыстың мақсаты – облыс экономикасының тұрақты дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыру үшін қажетті қаржылық ресурстарды тиімді бөлу.

Сонымен қатар, бюджет қаражатының әлеуметтік салаларға, денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй құрылысымен қатар, жол және коммуникациялық инфрақұрылымдарды дамытуға жұмсалу жоспарланған.

Отырыста депутаттар бірқатар ұсыныстар мен ескертулер жасады. Облыстың бюджетін бекіту сессияның күн тәртібіне енгізілді.

Қызмет бағыты