Алматы облыстық мәслихаты депутатының босатылған мандатының орнына депутат сайланды

Алматы облыстық мәслихаты депутатының босатылған мандатының орнына депутат сайланды

Облыстық мәслихаттың кезекті ХХVII сессия отырысында Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 11 қазандағы №47 қаулысына сәйкес «АМАНАТ» партиясының» партиялық тізіміне енгізілген кандидат Виталий Николаевич Гринченко облыстық мәслихаттың депутаты болып сайланды.

Виталий Николаевич Гринченко 1966 жылы Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласында туылған.
1988 жылы Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «инженер – геолог» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1988 жылы «ЮжКазгеология» трестінің инженер-геологы болып бастаған.

1991 – 2006 жылдар аралығында әр салада басшылық қызметтер атқарған.
2006 жылдан осы уақытқа дейін «Дортехмонтажсервис» ЖШС-нің директоры қызметін атқарады.

Жамбыл аудандық мәслихатының IY, V, VI шақырылымдарының депутаты болған.