Алматы облыстық мәслихатының экономика, бюджет, құқықтық тәртіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және депутаттық этика мәселелері бойынша тұрақты комиссия отырысы өтті

Алматы облыстық мәслихатының экономика, бюджет, құқықтық тәртіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және депутаттық этика мәселелері бойынша тұрақты комиссия отырысы өтті

Алматы облыстық мәслихатының экономика, бюджет, құқықтық тәртіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және депутаттық этика мәселелері бойынша тұрақты комиссия отырысы М.Бигелдиевтің төрағалығымен өтті.

Комиссия отырысында Алматы облысының 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджетіне енгізілетін өзгерістердің мақсаттары талқыланды.

М.Бигелдиев бюджеттің тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету, қаржылық шығыстарды оңтайландыру және әлеуметтік жобаларды қолдау қажеттілігін атап өтті.

Сондай-ақ, тұрақты комиссия отырысына қатысқан депутаттар бюджеттік қаржылардың білім, денсаулық сақтау, инфрақұрылым және әлеуметтік қолдау салаларында бағытталуына ерекше назар аударды.


Комиссия отырысы нәтижесінде, облыстық бюджеттің жобасына қатысты бірқатар ұсыныстар ескеріліп, алдағы мәслихат сессиясының күн тәртібіне енгізілді.

Қызмет бағыты