Мәслихат депутаттарына арналған семинар ұйымдастырылды

Мәслихат депутаттарына арналған семинар ұйымдастырылды

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Алматы облысы бойынша филиалында Алматы облыстық мәслихаттың төрағасы Қ. Байғоджаев аудандық мәслихат депутаттарымен «Тиімді депутаттық қызметті ұйымдастыру мен жүзеге асырудың практикалық құралдары» атты семинарнарда интерактивті пікірталас өткізді.

Пікірталаста депутаттар тиімді қызметті ұйымдастыру, қоғаммен байланыс орнату және тұрғындардың мұң-мұқтаждарын тыңдау мәселелері жөнінде өз пікірлерін білдірді. Қ. Байғоджаев депутаттардың белсенділігін арттыру, тұрғындармен ашық диалог жүргізу, және мәслихат жұмысының нәтижелілігін арттыру бойынша ұсыныстар жасады.

Семинар барысында мәслихат төрағасы депутаттарға заңнамалық өзгерістер, бюджеттік процестер, және жергілікті басқару тетіктері туралы ақпарат берді. Депутаттар топтық жұмыс барысында өз тәжірибелерімен бөлісіп, түрлі мәселелерді шешудің жолдарын талқылады.

Қатысушылардың айтуынша, мұндай семинарлар депутаттардың кәсіби деңгейін көтеруге, халықпен тиімді коммуникация орнатуға және жергілікті мәселелерді шешуге септігін тигізеді.