2024 жылдың қыркүйек айында облыстық мәслихат депутаттары қоғамдық қабылдау өткізді

2024 жылдың қыркүйек айында облыстық мәслихат депутаттары қоғамдық қабылдау өткізді

Қыркүйек айында облыстық мәслихат депутаттары Қ.Ақберген (Қонаев қ.), А.Асылов (Өтеген батыр к), С.Әділханов (Қошмамбет а.), Н.Әлиев (Нарынқол а.), Ж.Бектасов (Қаскелең қ.), М.Бигелдиев (Қаскелең а.), С.Горяной (Қонаев қ.), Жазықпаева (Қаскелең қ.), Е.Құсайынов (Бақанас а.), Г.Құраметова (Есік қ.), С.Нұрдаулетов (Панфилов а.), Н.Орынбасаров (Қонаев қ.), Р.Өтембаев (Қаскелең қ.), А.Сембаев (Талғар қ.), Ә.Төлепбергенова (Талғар қ.), Г.Тусибиянова (Талғар қ.), Е.Үшкемпіров (Ұзынағаш а.), М.Молдашева (Үңгіртас а.), Ә.Заирова (Қонаев қ., Шеңгелді а.) сайлаушылармен кездесіп, қоғамдық қабылдау өткізді.

Осы депутаттарға қабылдауға келген 152 азаматтың өтініштері тыңдалды. Қабылдау барысында 58 азаматтың өтініштерінің сол мезетте шешімі қанағаттандырылды. Ал қалған 92 азаматтың өтініштеріне заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, күрделі мәселелердің шешімі алдағы уақытта шешілетіндігі айтылды. Азаматтардың өтініштеріне байланысты тиісті мемлекеттік мекемелерге 12 депутаттық сауал жолданды.
Жеке қабылдауда тұрғындардың көкейлерінде жүрген жер, тұрғын үй, инфрақұрылым, газ құбырларын тарту, жолдарды күрделі жөндеуден өткізу, көше жарық шамдарын орнату, ауыз су, көпбалалы аналардың әлеуметтік мәселелері тыңдалды.

Мұндай қоғамдық қабылдауларды алдағы уақытта да жүйелі түрде кестеге сәйкес өткізіліп тұрады.