Кезектен тыс XXIV сессия отырысы

Алматы облыстық мәслихатының кезектен тыс XXIV сессия отырысы мәслихат төрағасы Қ.Байғоджаевтің төрағалығымен және облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Әбдірахымның қатысуымен өтті. Сессия отырысының күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1. «Алматы облыстық мәслихатының 2023 жылғы 19 желтоқсандағы № 12-62 «Алматы облысының 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
2. «Алматы облыстық мәслихатының 2021 жылғы 23 маусымдағы №6-38 «Алматы облысының келесі аудандарында көппәтерлі тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз ету үшін газбен жұмыс істейтін автономды блокты-модульді қазандықты салу және сервистік қызмет көрсету: Еңбекшіқазақ ауданында 16 жоба, Ұйғыр ауданында 6 жоба, Іле ауданында 8 жоба» мемлекеттік – жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
3. «Алматы облыстық мәслихатының 2023 жылғы 3 мамырдағы
№2-14 «Алматы облысы Талғар ауданында «Қайрат» индустриялық аймағын сыртқы газбен жабдықтау, алаңішілік инженерлік желілер және көлік инфрақұрылымын салу» мемлекеттік – жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
4. «Алматы облысының жол және қоғамдық қауіпсіздік зияткерлік жүйесі арқылы тіркелген деректерді ұсыну қызметі» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы»;
5. Алматы облыстық мәслихатының 2023 жылғы 19 желтоқсандағы «Алматы облысы әкімдігінің жанынан кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» №12-64 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
6. Алматы облысы әкімдігі жанындағы«Қылмыстық жазаны және қылмыстық - құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік - кеңесші органның» дербес құрамын бекіту туралы;
7. Жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сынып оқушыларын және мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілерін және жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларды, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларды және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерді білім беру ұйымында болған кезеңде бір рет тамақтандыруды ұйымдастыру үшін тамақтандырудың құнын бекіту туралы.