Мемлекеттік кірістер органдарының кәсіби мерекесі

Мемлекеттік кірістер органдарының кәсіби мерекесі

Құрметті мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

          Мемлекеттік кірістер органдарының қызметі елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы, қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылық, мемлекеттік бюджетке салық және кеден төлемдерінің тиімді түсуі, көлеңкелі экономикаға қарсы күрес, халықтың құқықтық сауаттылығы мен салық мәдениетін арттыру – Сіздердің адал қызметтеріңіз бен тынымсыз еңбектеріңіздің айқын көрінісі.  

         Сіздердің Жаңа Қазақстан құру жолындағы қызметтеріңізге кәсіби біліктілік, сәттілік тілеймін!

        Дендеріңіз  сау, отбастарыңыз аман, ел игілігі жолындағы еңбектеріңіз жемісті және табысты болсын!

  

Құрметпен, Т.Байедилов  

Алматы облыстық мәслихатының төрағасы