Ұйғыр ауданында газ неге қымбат?
Алматы облыстық мәслихатының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және құрылыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысының төрағасы Бағдаулет Үстенов Ұйғыр ауданының тұрғындары арасында газ тарту жұмыстары бойынша сауалнама жүргізді.
«АЗИЯ ГАЗ ЧУНДЖА» ЖШС -да газ тарту жұмыстарының сапасы мен қауіпсіздігі сақталғанымен, бағасы сақталмаған.
Аудан тұрғындары үйімізге газ орнату үшін кредит алуға мәжбүрміз дейді. Себебі, мердігерлер ұсынған бағаны тұрғындардың қалтасы көтермейді.
Ұйғыр ауданындағы 25 елді мекеннің 23 газдандыруға жатады. Оның ішінде Шонжы ауылындағы газбен жабдықтау жүйесіне 4894 абоненттің 1432-сі ғана қосылған. Яғни, Шонжы ауылының 29,2% тұрғыны газбен қамтамасыз етілген.
Облыстық мәслихат депутаты газ бағасының неге қымбаттағанын білу үшін «АЗИЯ ГАЗ ЧУНДЖА» ЖШС өкілдерімен жергілікті әкімшілікте кездесті. Дегенмен, мердігерлер сауалдарға тек қағаз жүзінде жауап беретінін айтты.
Алдағы уақытта бұл мәселе облыстық мәслихаттың комиссия отырысында қаралатын болады.