Облыстық мәслихат депутаттары «Баланы мектепке даярлайық» акциясы бойынша 150-ден астам балаға көмек көрсетті

🔹"Баланы мектепке даярлайық" республикалық қайырымдылық акциясы еліміздің барлық өңірлерінде ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында өтеді.
🔹Он бес жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан акцияның мақсаты-аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша оқушылардың мектепке бармауының алдын алу.
🔹Осы акцияға орай Алматы облыстық мәслихатының депутаттары бүгінгі күні 150 ден аса балаға көмек көрсетіп, балалардың мектепке керек жарақтарын тапсырды. Оның ішінде балаларды түгелімен өз қамқорлығына алып, мектепке толық дайындағандары да бар.
🔹Айта кетейік, Бұл акцияға Қазақстан Республикасының кез-келген азаматы ат салысып, көмек көрсете алады.
🔹Облыстық мәслихат депутаттары 30 қыркүйекке дейін "Баланы мектепке даярлайық" акциясына қолдау білдіретінін жеткізді