Алматы облыстық мәслихатының кезектен тыс ХХV сессиясы өтті.

🔹Сессия отырысына Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Турлашовпен облыстық басқарма басшылары және баспасөз өкілдері қатысты.
🔹Күн тәртібінде - Алматы облыстық мәслихатының 2021 жылғы 14 желтоқсандағы«Алматы облысының 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» №12-59 шешіміне өзгерістер енгізілді. «Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы Шонжы-Қалжат-Кетпен-«Шалкөде» автожолындағы асуға Асанбай Асқаровтың есімін беру туралы», Алматы облысының кейбір білім беру ұйымдарына атау беру және оларды қайта атау туралы және Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындау мәселелері қаралды.
🔹Аталған мәселелер бойынша біріншісі Алматы, Жетісу облыстарының бюджетін бөлу болса, екіншісі жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасында бюджет қаражатын қайта бөлу қарастырылды.
🔹Сондай-ақ, «Шалкөде» автожолындағы асуға Асанбай Асқаровтың есімін беру туралы ұсыныс мәслихат депутаттары тарапынан бір ауыздан мақұлданып, ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына жіберілді.
🔹Сонымен қатар, Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына Байғалық Ернат Елубайұлы және Кадир Асқар Кадирұлы тағайындалды