Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында Алматы облысының аграрлық саласы мен кәсіпкерлігін дамыту мәселелері талқыланды

Официальное совещание мужчин в костюмах за длинным столом в конференц-зале на фоне флага и герба Казахстана.

Алматы облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында өңірдегі ауыл шаруашылығын, кәсіпкерлікті және агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға қатысты өзекті мәселелер қаралды.

Отырыста ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлікті қолдау, субсидиялау тетіктері мен қаржыландыру көлемі, мал шаруашылығын дамыту жоспарының орындалу барысы, сондай-ақ күзгі егіс жұмыстарының жүргізілуі талқыланды. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қаржыландыруға және жер ресурстарына қолжетімділігіне қатысты мәселелерге назар аударылды.

Кәсіпкерлік субъектілерін және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау, өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану, сондай-ақ азық-түлік бағаларын тұрақтандыру бағытындағы жұмыстар туралы да ақпарат берілді.

Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті мөлшерін белгілеу мәселесі қаралып, тиісті ұсыныстар талқыланды. Ветеринария саласында елді мекендерде үй жануарларын ұстау және серуендету, сондай-ақ жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері қаралды.

Отырыс барысында депутаттар көтерілген мәселелер бойынша жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың баяндамаларын тыңдап, өңірдің ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік салаларын одан әрі дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ветеринариялық ахуалды тұрақты бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті.

Қызмет бағыты