Алматы облыстық мәслихатының делегациясы Цзянсу провинциясында инновациялық технологияларды енгізу мәселелерін талқылады

Алматы облыстық мәслихатының делегациясы Цзянсу провинциясында инновациялық технологияларды енгізу мәселелерін талқылады

Алматы облыстық мәслихатының Цзянсу провинциясына жұмыс сапары аясында делегация мүшелері «Kefeiping» фармацевтикалық компаниясына барып, кәсіпорынның қызметімен, өндірістік мүмкіндіктерімен және фармацевтика саласындағы заманауи шешімдерімен танысты.

Сондай-ақ Алматы облыстық мәслихатының депутаттары Нанкин инновациялық кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдерімен дөңгелек үстел форматында кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар энергетика саласында қолданылатын жаңа әрі тиімді технологиялар, сондай-ақ магниттік-резонанстық томография (МРТ) зерттеу уақытын қысқартуға мүмкіндік беретін заманауи технологиялар жөнінде пікір алмасты.

Депутаттар аталған инновациялық шешімдердің практикалық маңызына тоқталып, оларды Алматы облысының энергетика және денсаулық сақтау салаларына енгізу мүмкіндіктерін, сондай-ақ осы бағыттағы ынтымақтастық тетіктерін талқылады.