Облыстық мәслихат депутаттары қоғамдық қабылдау өткізді

облыстық мәслихат депутаты Л.Тұрлашов қоғамдық қабылдау өткізуде

2025 жылдың маусым айында облыстық мәслихат депутаттары Л.Тұрлашов, Н.Бокыбаев, Ж.Бектасов, С.Сарсеков, Ә.Төлепбергенова, А.Сарипов, Р.Өтембаев, Е.Жақсыбаев сайлаушылармен кездесіп, қоғамдық қабылдау өткізді.
Депутаттардың қабылдауына келген 24 азаматтың өтініштері тыңдалды. Қабылдау барысында 10 азаматтың өтініштерің сол мезетте шешімі табылды. Ал қалған өтініштерге заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, күрделі мәселелердің шешімі алдағы уақытта шешілетіндігі айтылды. Азаматтардың өтініштеріне байланысты тиісті мемлекеттік мекемелерге 7 депутаттық сауал жолданды.