Тұрақты комиссияның отырысы өтті

Тұрақты комиссияның отырысы өтті

Алматы облыстық мәслихатының Экономика, бюджет, құқықтық тәртіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысы М.Бигелдиевтің төрағалығымен өтті.

🔹 Күн тәртібінде үш мәселе қаралды:

1️⃣ 2024 жылғы жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы – баяндамашы: Қаржы басқармасының басшысы Бибігүл Ұзакова

2️⃣ Тексеру комиссиясының 2024 жылға арналған жылдық есебі – баяндамашы: тексеру комиссиясының төрағасы Мейрам Мұсаев

3️⃣ 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу – баяндамашы: Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Аслан Ораз

Депутаттар баяндамалар бойынша қызу талқылау жүргізіп, бірқатар ұсыныстар мен нақты сұрақтар қойды. Бюджет тиімділігі мен бақылау тетіктері бойынша маңызды пікірлер айтылды.

Қызмет бағыты