Құрылым
Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі
Бөлім аудан әкімі мен аппараттың қызметін заңдық сүйемелдеуді жүзеге асырады.
Бөлім басшысы:
Сарыбаев Дархан НұрасылұлыТелефон:
8 (72777)2-10-55Электрондық пошта:
da.sarybaev@zhetysu.gov.kzАудан әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімі
2. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары
2.1. Мақсаттары:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Алматы облысы, Кеген ауданы әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларының орындалу сапасын бақылауды қамтамасыз ету;
2) аудан әкіміне Кеген ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы және қоғамдық-саяси жағдайы, аудан әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы хабарлау;
3) аудан әкімінің қатысуымен іс-шаралар өткізуді ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
4) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңын және бөлімге жүктелген құзыреттер шегінде өзге де заңдарды іске асыруды қамтамасыз ету болып табылады.
5) аппаратқа жүктелген стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді іске асыру, Кеген ауданының аумағында терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты, аудан аумағында құқық бұзушылықтардың профилактикасы субъектілерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
6) аудан әкімдігі жанындағы діни экстремизм мен терроризмге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, құқық бұзушылықтың профилактикасы, кәмелетке толмағандардың істері мәселелері бойынша ауылдық округ әкімдері аппараттарының, қызметтер мен бөлімшелердің, құқық қорғау, арнаулы, жергілікті атқарушы органдардың және басқа да мүдделі ұйымдардың қызметін үйлестіру;
7) азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар шараларын жоспарлау және ұйымдастыру, оларды аудандық құрылымдық бөлімшелердің орындауын қадағалау;
Бөлім басшысы:
Әбділдә Жасұлан ЕрланұлыТелефон:
8 (72777)2-15-13Электрондық пошта:
zh.abdilda@almobl.gov.kzҚаржы-шаруашылық бөлім
Бөлім өз құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкес бюджетті атқару бойынша қаржылық рәсімдерді жүзеге асырады.
"Кеген ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бюджеттік бағдарламаларының төлқұжаттарын әзірлейді, төлемдер мен міндеттемелер бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларын және оларға есеп айырысуларды жасайды, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізеді.
Кеген ауданы әкімі аппаратының бірыңғай персоналды басқару қызметі бөлімі
Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын орындауы жөніндегі қызметін үйлестіреді. Тәртіптік, конкурстық және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастырады. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізу, конкурстық іріктеу, мемлекеттік қызметшілерді қызмет бабында ілгерілету, қызметтік тергеп-тексеру, мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауаптылыққа тарту, мемлекеттік қызметшілерді қызметтен шығару рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Телефон:
872 777 21513Электрондық пошта:
n.nurgazieva@almobl.gov.kz