Басқару аппараты және әлеуметтік салалар бюджетінің орындалуын талдау бөлімі

Бөлімнің тасырмалары, құқықтары мен міндеттері.

Тапсырмалары:

 1) Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке және жиынтық қаржыландыру жоспарларына тексеру жүргізеді және олардың қазынашылық органдарына уақтылы берілуін бақылайды;

 2) Облыстық бюджетті нақтылау (мәслихат шешімі) және бюджетті түзету (әкімдік қаулысы) кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

3) Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өтінімдері негізінде төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарларының ай сайынғы бөлінуіне өзгерістер енгізеді;  

4) Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттің атқарылуына апта сайын талдау жүргізеді және ерекшеліктер бөлінісінде кассалық шығыстарды бақылайды;

5) Бюджеттік даму бағдарламаларының, бағаланатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің (кәсіпкерлік және индустриялық инновациялық даму басқармасы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, құрылыс басқармасы, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, аудандар мен Қонаев қаласы) уақтылы орындалуын бақылайды, олардың қорытындысы бойынша есепті жылдың 1 наурызына дейінгі мерзімде Қаржымині МҚКК-не ақпарат жіберіледі;

          6) Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінген трансферттердің орындалуына апта сайын талдау жүргізеді (бюджет мониторингін үйлестіру бөлімімен салыстырып тексеруді жүргізеді);

          7) Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден Мемлекеттік мекемелердің ақшалай қаражаты түсімдерінің жоспарларын жасаудың дұрыстығына тексеру жүргізеді және олардың иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден мемлекеттік мекемелер алатын ақшаның түсімдері мен шығыстарының жоспарларына өзгерістер енгізеді;

          8) Жергілікті атқарушы органның резервінен қаражат бөлуді, сондай-ақ облыс әкімінің резервінен қаражат бөлу туралы қаулының жобаларын әзірлеуді және іске асырылуын бақылайды

          9)  Бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне өкілдік шығындарға жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатты бақылайды;

  10) Тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде облигациялар шығару бойынша жұмыстар жүргізеді;

  11) Материалдарды, анықтамаларды, ақпаратты дайындауға және басшылық пен жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын орындауға қатысады.

  12) Кәсіби шеберлік пен біліктілік деңгейін арттыру мақсатында біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарына қатысу;

13) Бөлімдерге, қызметкерлерге өз функцияларын орындауда әдістемелік және практикалық көмек көрсету, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыру;

14) Басқарма басшысы өткізетін отырыстарға және өз құзыреті шегінде басқа да іс-шараларға қатысу;

15) Құжаттардың белгіленген мерзімде орындалуын бақылауды жүзеге асыру, қажет болған жағдайда бөлім басшысымен келісу;

16) Жедел кеңестер мен өндірістік кеңестер хаттамаларында берілген тапсырмаларды орындайды;

17) Заңды және жеке тұлғалардан ресми сауалдар түскен жағдайда өз құзыреті шегінде заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпаратты ұсынады;

18) Жоғары тұрған органдардың тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету;

19) Бөлім құжаттарын мұрағатқа тапсыруға дайындайды;

20) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құқықтарын жүзеге асыру;

Құқықтары мен міндеттері:

   1) Міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын қалыптастыру және оларға өзгерістер енгізу кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен негіздемелер мен есептеулерді талап ету;

   2) Облыс бюджетін түзету және нақтылау бойынша қажетті материалдарды дайындауға қатысу;

  3) Бюджеттік даму бағдарламаларының уақтылы орындалу деректерін жинау және өңдеу;   

 4) Атқарушы органдардан, ұйымдардан және кәсіпорындардан материалдар мен мәліметтерді сұрату;

 5) Бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне сұрақтар бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсету;

6)  Кәсіби біліктілікті арттыру үшін қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарына қатысу;

7) Міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау кезінде жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ұсынған төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларының жылдық сомалардың, мәслихаттың кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешімімен бекітілген сомалардың сәйкестігін тексеру.

8) Аумақтық қазынашылық органдарына төлемдер мен міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларын ұсынады.

9) Бюджеттің жүргізілетін нақтылаулары мен түзетулеріне сәйкес бюджеттік бағдарламалардың жетекшілік ететін әкімшілері бойынша міндеттемелер мен төлемдер бойынша жиынтық жоспарларға өзгерістер енгізу туралы анықтамаларды, сондай-ақ ай сайынғы шығыстарға өзгерістер енгізуге ұсынылған өтінімдерді қалыптастырады, оларды аумақтық қазынашылық органдарына жібереді;

10) Мемлекеттік мекемелердің иелігінде қалатын, олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді)өткізуінен алынған ақша бойынша түсімдер мен шығыстардың жиынтық жоспарын бекітуді келіседі.

11) Басшылық пен жоғары тұрған органдардың материалдарын, анықтамаларын, ақпараттарын дайындауға және тапсырмаларын орындауға қатысады.

12) Өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелерден, кәсіпорындардан және жеке тұлғалардан келіп түскен хаттарға жауаптарды қарайды және жібереді.

13) Бөлім жұмысының бағытына қатысты істер номенклатурасын жасайды, құжаттарды мұрағатқа уақтылы тапсырады.

14) Бөлімге келіп түскен құжаттарды тіркеуді, есепке алуды, сақтауды жүзеге асырады.

Функциялары:

1) Аудандар мен Қонаев қаласы бюджетінің атқарылуын талдау, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, апта сайын облыс әкіміне және облыс әкімдігіне бюджеттің атқарылуы туралы материалдар дайындайды;

2) Төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын қалыптастыру, оларды аумақтық қазынашылық бөлімшесіне электронды түрде уақтылы ұсыну;

3) Жергілікті атқарушы органның резервінен қаражат бөлу, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне өкілдік шығыстар бойынша жұмыстарды жүзеге асырады;

4)  Сұралған ақпаратты, жоғары және басқа да мемлекеттік органдардың жазбаша тапсырмаларын, хаттарға жауаптарды уақтылы береді;

5) Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне уақтылы және сауатты жауап беру;

6) Жоғары тұрған органдардың тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді;

7) Заңнамаға сәйкес өз құзыреті шегінде бөлім басшысы жүктеген жұмыстарды және басқа да тапсырмаларды орындайды;

8)  Заңнамаға сәйкес өз құзыреті шегінде бөлім басшысы жүктеген жұмыстарды және басқа да тапсырмаларды орындайды.