Бюджетті үйлестіру және мониторингілеу бөлімі

Бюджеттік мониторингті жүзеге асыру міндетін жүзеге асыру мақсатында төмендегідей функцияларды атқарады:

  Облыс бойынша, оның ішінде облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілері мен аудан, қала бюджетінің атқарылуын мониторинг жүргізеді және апта сайын облыс Әкіміне және облыс әкімдігіне берілетін ақпаратқа қажетті материалдар дайындайды;

 Бюджетінің атқарылуы туралы облыс әкімдігінің аппаратына, басқармаларға және басқа да мекемелерге хаттар дайындайды;

  Қазақстан Республикасы Үкіметінен және қаржы министрлігінен, сондай-ақ басқа да министрліктер мен ведомствалардан бюджеттің атқарылуы жөніндегі тапсырмаларға жауаптар дайындайды;

 Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 129 бабының 1 тармағына сәйкес қаржы жылындағы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы қосымшаларымен бірге жылдық есепті облыс әкімдігі және бекіту үшін облыс мәслихатына ұсынады;

Алматы облысы бюджетінің орындалуы туралы талдамалы есеп дайындайды және «Е-Минфин» ішкі жүйесі арқылы қаржы министрлігіне ұсынады;

 Бюджетінің орындалуы туралы аудан әкімдерімен және облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілері басшыларымен өткізілетін селекторлық жиналыстардың құжаттарын, ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді.

  Басқарма бастығының тапсырмасымен басқа да міндеттер мен қызметтер атқарады;

  Құжаттар айналымын қадағалау міндеттеріне сәйкес бөлім төмендегідей функцияларды жүзеге асырады:

 Белгіленген мерзімдерде құжаттардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады, қажет еткен жайдайда басқарма бастығымен келісіп орындайды;

 Мұрағатқа берілетін бөлімнің құжаттарын әзірлейді;

 Өндірістік жиналыстың және аппарат мәжілісінің хаттамаларындағы тапсырмаларын орындайды.