"Іле ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

"Іле ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Бөлімнің негізгі міндеті өз құзыреті шегінде сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу және аудан аумақтарын қала құрылысын игеру кезінде белгіленген тәртіппен бекітілген сәулет, қала құрылысы және өзге де жобалау құжаттамасы, мемлекеттік нормативтер мен сәулет, қала құрылысы қызметі туралы заңнама нормаларының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.