Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы мәдениет тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы индексі №040 - 01
Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі
Алматы облысы
E-R-1 (күші жойылды) (27.12.2024) ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері, аудандық атқарушы органдары бөлімдері басшылары
305232
Жалпы біліктілік талаптары
Е-R-1 санатының ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің, аудандық атқарушы органдары бөлімдері басшыларының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
4) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес оның ішінде басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.
Ескертпе: * – E-R-1 санатындағы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу кезінде, кандидатта ғылым кандидаты, ғылым докторы ғылыми дәрежесі немесе философия докторы (PhD) академиялық дәрежесі не бейіні бойынша доктор болған жағдайда, нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкестігі міндетті емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
Функционалды міндеттер
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 10 бабымен жүзеге асырады. Мазмұнына қарай бөлімге келіп түскен арыз, шағым, сұраныс жоғарғы органдардан келген тапсырмалардың орындалуын қадағалайды, сонымен қатар жеке және негізгі бұйрықтарының орындалуын бақылауға алады. Қаржының мақсатты жұмсалуын бақылауды қамтамасыз ету. Бөлімге жалпы басшылық жасау арқылы қаржылық қызметке басшылық жасап, қол астындағы мекемелердің жарғысын бекітеді. Бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарының сапасын талдау, ішкі бақылау, мұқият орындалуын қадағалау. Барлық деңгейдегі әкімшіліктермен өзара байланыс. Азаматтарды бөлім құзыретіне қарай қабылдау жүргізу. Бөлім жұмысының перспективалық және ағымдағы жұмыстарының жобасын жасайды, тоқсан сайын бөлімнің басты іс-шаралар жоспарын қорытындылап отырады. Бөлімнің міндеттерін жоспарлау және талдау, сонымен қатар ұйымдастыру және бақылау. Аудан әкімінің жанындағы комиссиялық отырыстардың уақытылы орындалуын бақылауда ұстау. Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес өзара мәдени тіл қарым-қатынастарының реттелуін, сондай-ақ аудан аумағында тұратын өзге де ұлттардың, қазақтың ұлттық мәдениетін және мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі ағымды және болашақтағы бағдарламаларын әзірлеуге қатысу, кітапханалық құндылықтарға баршаның қол жеткізуін, тарихи және мәдени ескерткіштерін, мұражайлық кешенді қорғауды, мәдениет және тілдерді дамытуды қамтамасыз етеді. Мәдениет және өнер қайраткерлерін мемлекеттік наградаларға ұсынады, Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, 2020-2025 жылдарға арналған Тілдерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бағытындағы жұмыстарды жүргізеді. Ономастика және терминология саласын жетілдіруге қатысады. Мемлекеттiк қызмет, дене шынықтыру және спорт, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдардың орындалуын қадағалдау. Ауданда дене тәрбиесі және спорт ұйымдарының жұмыстарын үйлестіру. Қала, ауылдық округ әкімдерінің округ аумағында дене тәрбиесі және спорт жөнінде жоспарға сәйкес аудандық бағдарламаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша қызметтерді қадағалау. WORD, EXCEL, E-mail, Internet компьютер бағдарламаларымен жұмыс iстеу. Бақылау міндеттері: Жетекшілік ететін салалардағы қызметінің мәселесі жөніндегі Қазақстан Республикасының Президент, Үкімет актілерінің, облыс, аудан әкімінің шешімдері мен бұйрықтарының орындалуын қамтамасыз ету бойынша құрылымдық бөлімшілердің, Есік қаласы мен селолық округ әкімдерінің қызметін бақылайды. «Қазақстан Республикасының Тіл туралы», «Мәдениет туралы» Заңының, қол астындағы мекемелердің лауазымдық міндеттерінің орындалуын бақылау. Үйлестірушілік міндеттері: Бөлімнің жұмыс жоспарын орындау; аудандық, ауылдық мәдениет үйлері мен мемлекеттік тілді оқыту орталықтары мен кітапханалардың жұмысын үйлестіру. Арнайы мамандануы: Ұйымдастырушылық, бір қалыпты бағытталған рух қалыптастыру, ашық мінезділік, орындаушылық және талап қоюшылық, жоғары моральдық, этикалық, іскерлік қасиеттері және қысқа және ұзақ болашаққа мәдениет және тіл саласына қатысты стратегиялық жоспарларды өңдеу. WORD, EXCEL, E-mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс істей алуы.
«A» - функционалдық блогы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы Жамбыл даңғылы №21 а
-
87277572214