"Ауыл-Ел бесігі"
"Ауыл-Ел бесігі"
"Ауыл-Ел бесігі" жобасы бойынша Шелек ауылы Х.Бижанов атындағы мектеп ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарының атқару барысы бойынша ақпарат
2020 жылы Еңбекшіқазақ ауданында "Ауыл-Ел бесігі" жобасы бойынша Шелек ауылы Х.Бижанов атындағы мектеп ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда. Жобалау-сметалық құжаттамаға және мемлекеттік сараптаманың 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № КЭЦ-0085/18 қорытындысына сәйкес жалпы сметалық құны 501 999 000 (бес жүз бір миллион тоғыз жүз тоқсан тоғыз мың) теңгені құрайды.
2020 жылғы 20 ақпанда "Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылындағы Х. Бижанов атындағы орта мектеп ғимаратын күрделі жөндеу" хабарландыру Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу порталында алдын ала біліктілік іріктеуімен конкурс тәсілімен жарияланды, 13 наурызда конкурстың ашылуы өтті, 07 сәуірде қорытынды хаттамасы шықты, қорытынды хаттамасы жарияланғаннан кейін әлеуетті өнім берушілерден шағым түсті. 2020 жылғы 29 сәуірде Ішкі мемлекеттік аудит департаменті қорытындыларды қайта қарау туралы шешім қабылдады.
Бөлім басшысы Б.Аманова