ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпанда «Әкімшілік аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескерту қағидаларын бекіту туралы» № 138 қаулысының 8-тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес, 2023 жылдың 31 мамыр күні сағат 18:30-да Еңбекшіқазақ ауданы, Алмалы ауылының Есенбай мешітінде, Алмалы ауылының 3 (үш) көшесіне тарихи тұлғалардың, тарихи жер-су және ұлтық танымға жақын дәстүрлі атау беру (тізім бойынша) туралы жыйын өтіп, көше  тұрғындары тарапынан қолдау тапты. Құжаттар әзірленіп, облыстық ономастикалық комиссиясының қарауына жолданатын болады.

  1. Матросов көшесін - Әлия Молдағұлова
  2. Чехов көшесін – Кенесары хан
  3. Центральная көшесін – Мұқағали Мақатаев

 

Қабылданған қаулы:

Көктөбе ауылдық округіне қарасты Алмалы ауылының 3 (үш) көшесіне тарихи тұлғалардың, тарихи жер-су  және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атау беру мақсатында ауылдық округ әкімінің шешімін шығару үшін қажетті құжаттар (түсіндірме жазбаша хат, экономикалық есеп-қисап, т.б.) дайындалып, аудандық өкілді және атқарушы органдарға жіберілсін.

 

    Б. САМЕНОВ

Көктөбе ауылдық округінің әкімі