«САНАҢДЫ САҚТА, ЖАС ҰРПАҚ» АТТЫ СУРЕТ БАЙҚАУЫ

«САНАҢДЫ САҚТА, ЖАС ҰРПАҚ» АТТЫ СУРЕТ БАЙҚАУЫ

Өткізілетін орны: Есік қаласы, аудан әкімдігінің мәжіліс залы.
Өткізілетін мерзімі: 2024 жылдың, 30 шілде күні сағат 10:00-де.

Шараны ұйымдастырушылар: «Еңбекшіқазақ ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «ALL INFINITY» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Шараның мақсаты:
• Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;
• Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру;
• Қоғамда сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу, құқық бұзушылыққа «нөлдік» төзімділікті қалыптастыру бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу;

ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында тақырыпты ашу.
2. Байқауға жасы 12–25 аралығындағы жастар қатыса алады.
3. Сурет кемінде А4 фоматындағы параққа салыну керек.

МАРАПАТТАУ:
30 шілде күні, сағат 10:00-де Есік қаласы, аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткізіледі. Жүлделі орын алған азаматтар арнайы алғыс хатпен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
Үздік деп танылған суреттер:
1 орын – 15 000 теңге;
2 орын – 10 000 теңге;
3 орын – 5 000 теңге;

СҰРАНЫСТАРДЫ ТОЛТЫРУ ТӘРТІБІ:
Байқауға қатысу туралы сұраныс хатты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы салынған суретті 2024 жылдың 29 шілде күні сағат 12:00-ге дейін otdel.vn_politiki@mail.ru электрондық поштасына жіберілуі тиіс немесе аудан әкімдігінің 111 кабинетіне тапсыру керек.

Қосымша ақпарат:
Қосымша ақпарат нөмірі: Асқарұлы Қайсар +77021520055

Қызмет бағыты