2023 жылғы 1 қарашасындағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі шамамен 17 209,78 млрд теңге. Бұл ретте Қазақстан Республикасы ҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 17 196,49 млрд теңге. ҚР ҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жыл басынан бері инвестициялық табысы - 1 257,56 млрд теңге.

Инвестициялық портфельді басқарушылардың 2023 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша зейнетақы активтері 13,29 млрд теңге:
- АО «Jusan Invest» - 4,7 млрд теңге. Зейнетақы активтерінің инвестициялық табысы - 377,28 млн теңге.
- АО «Halyk Global Markets» - 2,79 млрд теңге. Зейнетақы активтерінің инвестициялық табысы - 363,23 млн теңге.
- АО «BCC Invest» - 2,13 млрд теңге. Зейнетақы активтерінің инвестициялық табысы - 158,51 млн теңге.
- АО «Сентрас Секьюритиз» - 936,92 млн теңге. Зейнетақы активтерінің инвестициялық табысы - 77,94 млн теңге.
- АО «ДО Народного Банка Казахстана «Halyk Finance» - 2,73 млрд теңге. Зейнетақы активтерінің инвестициялық табысы - 70,66 млн теңге.