Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы алатын зейнеткерлер санатына кім кіреді?

Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы алатын зейнеткерлер санатына кім кіреді?

2023 жылғы 1 шілдеден бастап еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алатын зейнеткерлер міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан барлық зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу үшін пайдалануға құқылы. Олар кімдер?

1) 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім кию құқықтары жойылған әскери қызметшілер

2) Арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері

3) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған азаматтар.