Еңбекшіқазақ ауданы бойынша "Жайлы мектеп" пилоттық жобасы аясында 13 жаңа мектептің құрылысы жоспарлануда

Биыл Ащысай, Алмалы мен Қаражота ауылдарына 600 орындықты, ал Сатай ауылына 900 орындықты білім нысанының құрылысы басталатын болады. Қазіргі таңда конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Құрылыс нысаны 2024 жылдың оқу жылында аяқталатын болады.
Ал 2024 жылы қалған 9 мектептің құрылысы жоспарға қойылған.
Олар Бәйдібек би, Тескенсу, Қызылщарық, Достық пен Қорам ауылдарына 900 балаға арналған мектеп салынса, Қайназар мен Бәйтерек ауылдарында 1500 орындықты мектеп жоспарланып тұр. Ал 1200 орындықты мектеп Түрген ауылында болады, Рахат ауылына 2000 оқушыға арналған білім нысаны бұйырады.
13 мектептің тапсырыс беруші мекеме АҚ "Samruk-Kazyna Construction" болып табылады.
Айта кетсек, қазіргі таңда аудандағы 84 мектептің, бүгінгі күні 3-і үш ауысымда оқиды, одан бөлек 8 мектептің үш аусымға өту қаупі бар. 66 - типтік, 18 мектеп бейімделген ғимаратта орналасқан, 25 мектеп күрделі жөндеуді қажет етеді.