Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде мемлекеттік органдардың ашықтығы мен қолжетімділігін қоғамдық бақылау

Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде мемлекеттік органдардың ашықтығы мен қолжетімділігін қоғамдық бақылау

Ағымдағы жылдың 15 ақпан күні Еңбекшіқазақ ауданында мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында туындаған түйінді мәселелерді және кемшіліктерді қарау жөніндегі жұмыс тобының жұмыс сапарларын өткізу кестесіне сәйкес аудан әкімдігінің жұмыс тобының мүшелері мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру, оның ішінде мемлекеттік қызметті алу кезінде "кедергісіз орта" құру мақсатында Бөлек ауылдық округі әкімінің аппаратына,  құрылыс, сәулет және қала құрылысы, ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары және  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне қоғамдық мониторинг жүргізілді.

              Жұмыс сапарының нәтижесінде Қазақстан Республикасының мүгедектердің құқықтарын қорғау және мемлекеттік қызметтер көрсету саласы заңнамасында бұзушылықтар анықталды (нашар еститін және саңырау адамдарды, сондай-ақ көру қабілеті нашар, арбамен жүретін мүгедектерді шұғыл эвакуациялау схемасының және мемлекеттік органдарда мүгедектерге бірінші кезекте қызмет көрсету туралы тақтайшаның болмауы, пандустар белгіленген нормаларға сәйкес келмейді).

      Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша көрсетілетін қызметті берушілерге тиісті ұсынымдар мен оларды орындау мерзімі берілді.

 

Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппаратының

мемлекеттік қызметтер мониторингі

және ақпараттық технологиялар бөлімі